Prometric Thomson Learning тестілеу орталығы
АЛСИ Оқу Орталығының негізінде Орталық Азияда тұңғыш әрі ең ірі тест орталығы Prometric Thomson Learning Сынау орталығы құрылып авторландырылды.
Әлемдік деңгейде, мамандарды сертификаттау процесі - жақсы реттестірілген жүйе. Бағдарламалық өнімді өндіруші-фирма сертификатталған маман мәртебесін алуға талапкер үшін білімді, ісмерлік пен тәжірибені бағалаудың критерийлерін тікелей өзі тағайындайды.
Дүниежүзінде осындай тестілерді дайындайтын жетекші фирма - Prometric Thomson Learning. Бұл фирма көптеген қызмет түрлері, соның ішінде компьютерлік технологиялар бойынша тестілерді дайындаумен айналысады.
Дайындалған тестілер аймақтық Сынау орталығына (Prometric Thomson Learning талаптарына сай жабдықталған) тапсырылады, мұнда талапкерге сертификатталған маман мәртебесін алуға емтихан ретінде ұсынылады.
Тестілеу процесі компьютерде шынайы уақытта жүзеге асырылатындықтан, кандидаттың білімін әділ бағалауды қамтамасыз етеді. Тест тапсырғаннан кейін, сынақ нәтижелері туралы ақпарат Prometric Thomson Learning деректер базасына, сонымен бірге кандидат сертификатталған өнімді өндіруші-фирманың деректер базасына жіберіледі
Сынақтан сәтті өткен жағдайда, талапкер сынақтан соң бірден емтиханнан өту туралы есепхатты, ал біраз уақыттан кейін (апта және одан да көп) ресми сертификатты алады. Берілген біліктіліктің, емтихан қай Сынау орталығында тапсырылғандығына байланыссыз, көпшілік таныған әлемдік маңызы бар.
Сынау мен сертификаттау Microsoft, Novell, Hewlett-Packard, Lotus, IBM, Sun Microsystems, DEC, AT&T, SyBase, CISCO, Bay Networks, Banyan, Oracle, Borland және т.б. сияқты бағдарламалық жасақтаманың барлық ірі өндірушілерінің негізгі бағдарламалық өнімдері бойынша өткізіледі.
Әр өндіруші-фирманың әр түрлі профильді мамандарды сертификаттау жөнінде өз бағдарламалары болады. Бұндайда, сертификатталған маман мәртебесін алу үшін тапсырылатын емтихандар саны бірден онға дейін жетеді.
Virtual University Enterprises (VUE) тестілеу орталығы
2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап «АЛСИ» Оқу Орталығы Virtual University Enterprises компаниясының бекітілген тестілеу орталықтарының бірі болып табылады.
Pearson VUE – бұл Pearson Education корпорациясының бір бөлігі, Cisco Systems, CompTIA сияқты жіне көптеген басқа да бағдарламалық жасақтау саласындағы әлемнің жетекші өндірушілерінің өнімдері бойынша компьютерлік сертификаттау тестілерін ұсынатын әлемге әйгілі тест провайдері. Virtual University Enterprises компаниясы 1997 жылы құрылды. Электронды тестілеудің осы ауқымды қызметінің қазіргі уақытта 120-дан астам елде 3400-ден аса авторластырылған сынау орталықтары бар.
Тестілеу орталығы IT-мамандарға жедел компьютерлік тестілеуден өтүге және ақпараттық технологиялар саласындағы өзінің білім деңгейін растауға мүмкіндік береді. Ойдағыдай тапсырған жағдайда компания - вендор үміткерге оның иемденген мәртебесін растайтын сертификат жібереді.
Тестілердің жаңа түрлеріне бір уақытта қол жеткізуге болады және де олар әлемнің барлық елдерінде және тестілеу Орталықтарының барлығында бірдей болады. Тапсырылған тестілердің нәтижесінде қол жеткізілген сертификаттар мамандардың осы саладағы білім деңгейін растайды және бүкіл әлемде өте жоғары бағаланады.
Pearson VUE Орталығында тестілеу арнайы жабдықталған компьютерлік сыныпта администраторлар тарапынан дүйсенбіден жүмаға дейінгі мерзімде жүргізіледі.
Тестілеу Орталығының мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Көктем-2, № 19-а үй, 5-қабат.
Тестілеу Орталығының администраторы:
Саржан Анна
Телефон : +7 (727) 2971028, 2971100 ішкі 1506
e-mail: Anna.Sarzhan@alsi.kz
Наверх