Microsoft тарапынан жыл сайын берілетін Learning Solutions құзыры АЛСИ Оқу Орталығының Microsoft корпорациясының сертификатталған техникалық оқу орталығы болып табылатынын растайды. Дәрісті Microsoft Certified Trainer (MCT) халықаралық мәртебесіне ие жоғары білікті оқытушылар жүргізеді.
Microsoft тарапынан жетілдірілген, авторландырылған курстарды оқытуға тек сертификатталған оқытушының хұқы бар. Microsoft авторландырылған курстарында оқығаннан соң оқу орталығы белгіленген үлгідегі сертификат береді.
Сіздің кәсіби деңгейіңізді растайтын дәлел – сертификаттау. Емтихан тапсырсаңыз, Сіз Microsoft-тан Билл Гейтс (Bill Gates) қол қойған сертификат аласыз. Бағдарламалары біздің оқытушылар тарапынан жетілдірілген қолданушылық курстарды тыңдап, қажет тестілерді ойдағыдай тапсырғаннан кейін тыңдаушыларға АЛСИ Оқу Орталығының сертификаты беріледі.
МСР мәртебесінің артықшылықтары
Microsoft Certified Professional (MCP) мәртебесі - Microsoft-тың басқа сертификаттау бағдарламалары бойынша мәртебелерге қол жеткізу жолындағы "алғашқы саты"Орындағыңыз келген Microsoft сертификаттау бағдарламасын таңдап алыңыз және осы сертификаттау бағдарламасынан бір емтихан таңдаңыз.
- Сіздің Microsoft өнімдері мен технологиясы саласындағы біліміңіз бен жұмыс тәжірибеңізді ресми тану.
- Microsoft Developer Network-ке жазылу. MCP мәртебесін иемденушілер сертификат қолданылатын бірінші жылы Microsoft Developer Network-ке жылдық жазылуға жеңілдік алады (жеткізу шарттары Сіз тұрып жатқан елге байланысты өзгертіледі).
- MCP сайтының қорғалған аумағы арқылы тікелей Microsoft-тан бағдарламалық өнімдер туралы техникалық ақпаратқа қол жеткізу.
- Нақтылы компаниялар тарапынан ұсынылатын өнімдер мен қызмет көрсетуге берілетін эксклюзивті жеңілдіктерге қол жеткізу. Сертификатталған мамандар MCP сайтының қорғалған аумағы Other Benefits тарауында ұсынылатын жеңілдіктер жайлы көбірек ақпарат ала алады.
- Өз клиенттеріңіз бен әріптестеріңізді Microsoft Certified Professional бойынша мәртебеңіз бар екендігінен хабардар ету мақсатында MCP логотипін, транскриптін, сертификатын, карточкасын және МСР белгішегін қолдану хұқығы. МСР логотипінің электронды файлдары мен жеке транскриптіңізді MCP сайтының қорғалған аумағы арқылы алуыңызға болады.
- Техникалық мамандарға арналған Microsoft-тың конференцияларына, семинарларына және басқа арнайы шараларына шақыру.
- Microsoft тарапынан сертификатталған мамандардың мансабы мен кәсіби жетілу мәселелеріне арналған Microsoft Certified Professional Magazine Online қорғалған облысына еркін өтуге болады.
- Professional Association for SQL Server мүшелігіне жеңілдік (PASS, SQL Server Қолданушыларының Кәсіптік Қауымдастығы).
Наверх