ALSI Оқу Орталығы – Қазақстан аумағындағы жетекші орталықтардың бірі, ұстанатын бағыттары:

      Microsoft офистік қосымшалардың негізгі элементтерін білу маңыздылығы
      жайында Мұнда білі
ңіз. Осы курс Сізге әр түрлі міндеттерді оңай, ең бастысы тез
      ж
әне тиімді шешуге көмегін тигізеді.  

 

Пайдаланушыларға арналған курстардың тізімі тек MS Office пакетінің курстарынан ғана емес, графикалық және веб дизайн мен бағдарламалау курстарынан да тұрады.   

Бірақ, әрине, MS Office бағдарламаларын оқытудың сұранысы анағұрлым көп. Microsoft Office келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

•         жеке еңбек өнімділігін және кәсіпорынның жұмыс нәтижелеріне әсер ететін жеке ықпалды көтеру;

•         бірлескен жұмысты уақыт пен орынға тәуелсіз жеңілдету;

•         ағымдағы жұмысты және корпоративтік құрамды басқаруды жөнге келтіру;

•         ұйымдағы істерді талдауды тереңдету және сапасын көтеру.


С
өйтіп, компаниялар, өз қызметкерлерін пайдаланушыларға арналған курстарға оқуға жібере отырып, келесі артықшылықтарға ие болады:

•         Қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуі

•         Пайдаланушылар мен клиенттердің мәселелерін тез арада шешу

•         Оқуға кеткен шығындардың нақты қайтарымы

•         Қызметкерлер дайындығының анағұрлым жоғары деңгейінің арқасында техникалық қолдау шығындарын қысқарту

 

 

АЛСИ Оқу Орталығы – 2007 жылдан бері Нewlett Рackard оқыту саласындағы серіктесі.

Біз НР жабдығына қызмет көрсету бойынша авторландырылған оқытуды жүргіземіз: принтерлер, серверлер, жұмыс станциялары мен ноутбуктар.

НР сертификатталған курстарында оқудан өте отырып, АТ мамандары мынадай артықшылықтар алады:

•         Сертификатталған тәжірибелі оқытушылар (АЛСИ Сервис Орталығының қызметкерлері)

•         Курстарды өткізуге арналған НР барлық талаптарына сәйкес қазіргі заманғы жабдық

•         Алматыда немесе Қазақстанның басқа қалаларында оқудан өту мүмкіндігі

                Курстан өту туралы халықаралық сертификат

 

  • ITIL (Information Technology Infrastructure Library):

 

2006 жылы 5-55 Компаниясы  (Мәскеу) және АЛСИ Оқу Орталығы арасында ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды 

«5-55» -  көрсетілетін қызметтердің сапасына және қызметкерлерінің кәсіпқойлығына кепілдік беретін, EXIN (the Examination Institute for Information Science) халықаралық аккредитацияны алған ресейлік компаниялардың ішіндегі алғашқысы. Компания АТ-қызметтерін басқару саласындағы ең үздік әлемдік әдістемелер бойынша консалтинг пен оқу тренингтерін ұсынады.

IT Infrastructure Library — АТ ұйымдастыру қағидаларының аяқталған және бірізді жиынтығын ұсынатын АТ-қызметтерін басқаруда кеңінен пайдаланылатын тәсіл. Бұл өнім бүкіл әлемдегі коммерциялық және мемлекеттік мекемелерде АТ пайдаланудың ұжымдық тәжірибесіне негізделген.


 

  • Басқа курстар:

 

        Red Hat Enterprise Linux System Administration

        Citrix MetaFrame Presentation Server 4.0: Administration

        Базовое администрирование цифровых АТС Panasonic. Администрирование KX-TDA100/200

        VERITAS Backup Exec 12.x для платформы Microsoft Windows Server

        Interconnecting Cisco Network Devices

        Building Cisco Multilayer Switched Networks (BCMSN)

        Building Scalable Cisco Internetworks (BSCI)

        Implementing Secure Converged Wide Area Networks (ISCW)

        Converged Cisco Networks (ONT)

 

  • ИТ-мамандары мен пайдаланушыларды сертификаттау:

 

Сертификаттау туралы анағұрлым толық ақпаратты Сіз /kz/training/sertification арнайы бөлімінде таба аласыз.

 

  • Оқу кластарын жалға беру:

 

Егер Сіздің компанияңызға өз семинарын өткізу қажет болса, бірақ Сіздерде жабдықталған компьютерлік класс жоқ болса – Сіздерге көмек беруге қуаныштымыз! Сіздің пайдалануыңызға компьютерлермен, проектормен,  бейнебетпен, ауа баптағышпен және т.б. жасақталған тамаша жабдықталған аудиториялар беріледі. Қалауыңыз болса, кофе-брейк пен қаланың ең жақсы мейрамханаларында түскі астар ұйымдастырамыз!

 

                      

 

БІРЕГЕЙЛІК
Оқытушылардың біліктігі халықаралық мәртебелермен расталады (Microsoft Certified Trainer, Microsoft Certified Database Administrator, Microsoft Certified System Engineer, Microsoft Office Specialist, Cisco Certified Academy Instructor, IT Service Manager және т.б.). Тренерлердің халықаралық мәртебелері олардың оқытатын өнімдері бойынша білімдеріне кепілдік береді. Тренерлер Сіздерге тек теориялық қана емес, ең бастысы – тәжірибелік білім мен дағдылар береді

 

  • Қазіргі заманға сай жабдықталған оқу кластары:

 

Егжей-тегжейін мына жерден біліп алыңыз /kz/training/equipment

 

  • Әдістемелік құралдар мен халықаралық сертификаттар:

Оқыту кезінде вендорлармен құрастырылған оқу құралдары да, біздің оқытушыларымыздың қолынан шыққан жеке әзірлемелері де қолданылады. Бұл тыңдаушыларға курсты аяқтаған соң да бүкіл курстың қысқаша бағдарламасы мен тәжірибелік тапсырмаларын әрқашан қол астында ұстауға мүмкін береді. Курсты аяқтаған соң халықаралық сертификаттар немесе АЛСИ Оқу Орталығының сертификаты беріледі. 

 

  • Астана мен Атыраудағы филиалдар, көшпелі оқыту:

АЛСИ Оқу Орталығының көшпелі оқытуды: Алматылық Тапсырыс берушілердің оқу кластарында, біздің Астанадағы филиалымыздың оқу класында, сондай-ақ Тапсырыс берушінің аумағында Қазақстан мен Орталық Азия қалаларында өткізуде зор тәжірибесі бар. Сөйтіп, Тапсырыс берушінің өз қызметкерлерін өндірістен қол үзбей, уақыт пен қаржыны үнемдей отырып, оқытуға мүмкіндігі бар.

 

  • Қосымша іс-шаралар:

Оқыту өткізуден басқа біз оқуға қатысы бар іс-шараларды өткіземіз: кофе-брейктер мен қаланың ең жақсы мейрамханаларында түскі астарды ұйымдастырамыз.  Басқа қаладан келгендер үшін Алматы мейманханаларында номерлерді алдын-ала жаздыру, әуежайда қарсы алу және мейманхана немесе офиске дейін тасымалдау.

 

  • Тегін конференциялар мен семинарлар:

АЛСИ Оқу Орталығы әр түрлі тегін конференциялар мен семинарларды үнемі өткізіп отырады, онда ОО іс-әрекеті туралы, жаңа өнімдер мен қызмет түрлері туралы әңгімелейміз. Егер Сіз курсқа бару қажеттілігі жөнінде күмәнданатын болсаңыз, Сіз таныстыру семинарына барып немесе курстың 1-2 сағатын тыңдап, бұл курсқа жазылу-жазылмау туралы шешім қабылдасаңыз болады.

            
 
Компанияның Оқу Орталығы анағұрлым тиімді білім жеткізу әдістерін қолдануға негізделген оқу ісіне деген бірізді интеграциялық ыңғай форматы болып табылады.