
Оқу Орталығының тамаша материалдық базасы бар: заманауи техникамен, ыңғайлы жиһазбен, көптеген жобалаушы жабдықтармен жабдықталған, сонымен қатар қазіргі заманғы компьютерлік және жүйелік жабдықтармен жарақтандырылған, онда тыңдаушы өз күшін сынайды және пайдалы тәжірибелік дағдыларға машықтанады. Оқу Орталығының жеке әдістемелік құралдар мен материалдар кітапханасы бар.
Оқыту Орталығының барлық дәрісханалары жергілікті есептеу желісіне қосылған 10-12 жабдықталған оқу орындарына есептелген, бұл білімді желілік жабдықтар арқылы бекіту үшін маңызды.
Оқу үрдісі оқылатын материалды түйсінуді жеңілдететін LCD-проекторларын қолдану негізінде құрылды. Жалпы, сыныптарда HP, Cisco, Dell, APC және т.б. сияқты әлемдік өндірушілердің көптеген жабдықтары жиналған, сондай-ақ сыныптар АЛСИ компьютерлерімен жабдықталған.
Бір топта оқитындардың саны - 12 адамнан артық емес. Тек осындай, санын шектеу шарасы оқытушымен жақын байланыс орнатуға мүмкіндік беретініне, және оқудағы ең жоғары жетістіктерге жетуге кепіл болатынына кәміл сенімдіміз. Сонымен қатар, біз тапсырыс берушінің талаптары мен тілектері бойынша, жоғары тиімділікке жету үшін жекеше топтар мен курстар ұйымдастыра аламыз.
Біздің оқытушылар ақпараттық өнеркәсіп мамандарының қазіргі заманғы қажеттіліктерін түсінеді. Курстарды тәжірибелі оқытушылар жүргізеді, олардың көбінің Microsoft Certified Trainer халықаралық мәртебесі бар. Бұл мәртебе Microsoft-та сертификаттаудан өткен оқытушыларға беріледі.
Microsoft Сертификатталған Жаттықтырушысы (Microsoft Certified Trainer, MCT) - ол тек Microsoft өнімі, технологиялары және шешімдері жөніндегі техникалық білімі ғана емес, сонымен қатар оқытушылық тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Тек MCТ мәртебесі бар оқытушылар ғана Microsoft CPLS оқу орталықтарында Official Microsoft Learning Products немесе Microsoft Dynamics Learning Products материалдары бойынша авторландырылған курстар жүргізуге хұқылы.
АЛСИ компаниясы Оқыту Орталығынің оқытушылары пәнді үздік білетініне және тыңдаушылар білгісі келетін барлық нәрсені түсінікті етіп жеткізе алатынына кепілдік береді. Курстардың мазмұны қазіргі заманғы технологиялық процесстермен қатарласа ілгері жылжуда.
Курстарды бітірген соң тыңдаушылар қол жеткізген әдістемелік материалдарды қолдан түсірмейтін кітап ретінде ұзақ уақыт қолдана алады. Білімдерінің бастапқы негізіне қарамастан, бітірушілер оқытушылардың жеке тіл табысуы арқасында және оқытудың икемді жүйесінің арқасында кәсіби дайындықтың жоғары деңгейіне қол жеткізеді.
- Авторландырылған және қолданушылық курстарының барлық тыңдаушылары Microsoft авторлық әдістемелік құралымен және Оқу Орталығының әдістемелік зерттемелерімен қамтамасыз етіледі.
- Сонымен қатар, тыңдаушылар оқуды аяқтағанда тегін кеңестер алады, ал тұрақты клиенттер 1 тестіні тегін тапсыруға ваучер алады.
АЛСИ Оқу Орталығы аймақтық клиенттерге оқу үрдісін қамтамасыз ететін қосымша шаралардың тұтас кешенін ұсынады:
- қала мейманханаларында бөлмені алдын-ала тағайындау
- кофе-брейктер және кешенді түскі астар ұйымдастыру
- әуежайда күтіп алу
- қонақ үйге дейін және оқу орталығына дейін тасымалдау
- кала ішінде саяхат ұйымдастыру
Наверх