«Әркімге инновация» қағидасын ұстана отырып, біз өз өніміміздің функционалдық және эстетикалық тартымдылығына үлкен назар аударамыз.
Барлық ALSI компьютерлері бірыңғай эргономикалық стиль мен дизайнда жасалған. ALSI компьютерлері түпнұсқалық және стилдік безендірілген фирмалық корпоративтік қораппен қапталған, фирмалық пернетақтамен және тінтуірмен жасақталған.
Жинаудың құрамдас бөліктері дайындау сапасы, бір-біріне үйлесімділік пен қазіргі заманғы экологиялық талаптарға барынша сәйкес келу тұрғысынан қатаң бақылаудан өтеді. ALSI компьютерлерін жасап шығару кезінде әлемдік өндірушілердің түпнұсқалық жинақталымдары қолданылады.
ALSI компьютерін сатып алғанда сатып алушы стандартты нарықтық баға бойынша жоғары технологиялық техниканы ғана емес, сонымен бірге келесілерден тұратын сапалы жұмыс орнын алады:
- орнатылған лицензиялық бағдарламалық жүйе;
- отбасылық бюджетті жүргізуге, әртүрлі әйгілі сызбалық және кеңселік қосымшаларды үйренуге көмекші болатын қосымша бағдарламалық өнімдер.
Бұдан басқа, сатып алушы жүйелік блоктың жұмыс қабілеттілігін сапалы жақсартатын келесі факторларға ерекше назар аударылатын ең шусыз компьютерді алады:
- экрандалған өткізгіштер ғана қолданылады,
- шулылығы төмен желдеткіштер ғана пайдаланылады,
- ALSI компьютерлері CardReader’мен және өнімділігі жоғары бейнежүйемен жабдықталады,
- Сенімділігі жоғары қоректендіру блоктары қолданылады.
ALSI компьютерлерінің қажетті мемлекеттік сертификаттары мен лицензиялары, сондай-ақ кең таралған бағдарламалық жасақтамаға сәйкестілік сертификаттары бар:
- 1С фирмасының бағдарламалық өнімдерімен сәйкестілік,
- Microsoft Windows XP (Microsoft Designed for Windows) операциялық жүйесімен сәйкестілік
Барлық ALSI компьютерлері алдын ала орнатылған Microsoft Windows лицензиялық операциялық жүйесімен, сондай-ақ бағдарламаны сатып алу туралы шешімге дейін 60 күн ішінде заңды түрде пайдалануға болатын Microsoft Office 2007 сынамалы жаңа нұсқасымен бірге жеткізіледі.