басты
жүйелі
итегратор
+7 (727) 297-11-00
Сiз здесь Бас > Шешімдер > Решения для МСБ > Компьютеры АЛСИ
Компьютеры АЛСИ

 

ALSI компьютерлерін өндіру стратегиясының негізінде – тұтынушыны сапалы, жоғары технологиялы өніммен қамтамасыз ету жатыр. Сондықтан да, біз әрбір процесске ерекше көңіл бөлеміз: компьютерді жобалаудан бастап, оны түпкілкті пайдаланушыға жеткізіп беруге дейін.


ALSI компаниясының барлық компьютерлері бірегей ықшамды нақышта және дизайнда орындалған, фирмалық пернетақтамен және тышқанмен жабдықталады, біртума жолмен және нақышпен безендірілген корпоративтік қорапта оралған.


ALSI компьютерлерімен жұмыс істеу барысында пайдаланушылардың өз денсаулықтарына зиян келтірмегені компания үшін маңызды! Жұмыс істеу ортасы барынша ыңғайлы әрі ықшамды болады, ал бұл өз кезегінде шаршағыштықтың төмендеуіне, көтеріңкі көңіл-күйдің сақталуына және жұмыс істеуден рақат алуға септігін тигізеді.


Құрастырманың барлық компоненттері сапасы жағынан, компоненттерінің үйлесімділігі жағынан, сондай-ақ, қазіргі заманғы RoHS* экологиялық талаптарына барынша сәйкестігі жағынан қатаң бақылаудан өтеді.


Компьютерлік жабдықты өндіру барысында атақты әлемдік өндірушілердің жоғары сапалы түпнұсқа жинақтамалары қолданылады: Intel, FOXCONN, Kingston, Seagate. ALSI компьютерлерінің жұмысының тұрақтылығын және оларды пайдалану қауіпсіздігін жақсарту мақсатында, жүйелік блоктың барлық ішкі компоненттері, сондай-ақ, шалғай құрылғылары сапалы және қауіпсіз сүйреткілермен жалғанады, ал жеткізіліп берілетін топтамаға экрандалған, электрмен қоректендіру кабелі кіреді.     

__________________________________________________________________________________

*RoHS (Restriction of Hazardous Substances) – жаңа электрондық жабдықтардың құрамында зиянды заттардың қолданылуын шектеуге бағытталған Европалық Одақтың Нұсқаулығы.

Наверх