басты
жүйелі
итегратор
+7 (727) 297-11-00
Сiз здесь Бас > Шешімдер > Уйге арналган шешiмдер
Уйге арналган шешiмдер

 

ALSI Express Start – шағын және орта бизнес үшін тиімді IT-шешім.

Арнайы құрылған ALSI Express Start шешімі шағын кәсіпорындарда ИТ-инфрақұрылымын қалыптастыруға арналған, өнімділік пен сенімділік арасындағы орынды сәйкестікті қамтамасыз етеді. Бұл шешім – ортақ желіде жұмыс істейтін қызметкерлерінің штаты шағын ұйымдарға бағытталған (50 адамға дейін).

 

ALSI Express Start шешімінің бірегейлігі:

- кеңсені іс жүзінде нөлден бастап құруға арналған дайын әрі үйлестірілген шешімдерге қол жеткізу мүмкіндігі;

- негізгі корпоративтік қажеттіліктерге қызмет көрсетуге арналған жан-жақты өнім.

 

ALSI Express Start шешімі келесі мәселелерді шешуге бағытталған:

- жұмыс орындарын ұйымдастыру;

- деректерді жіберу желісін ұйымдастыру;

- IP телефоннияны ұйымдастыру;

- қызмет көрсетудің нақтылы тізбегін ұсыну;

 

Штатта білікті IT-маманды ұстап отыру өте қымбатқа түседі, оның үстіне, компанияда мұндай маманның кем дегенде екеуі болуы тиіс. Әрине, маманды сұраным бойынша шақыртып алуға болады, алайда, егер ол компания өзінің қызметін тоқтатқан жағдайда, я болмаса, Сіздің инфрақұрылымыңызды білетін маманның қолы бос болмай, Сізге ол жедел түрде қызмет көрсете алмаған жағдайда Сіз не істейсіз? Басқа бір мәселе де туындауы мүмкін – бұл маманның біліктілік деңгейі Сіздің компанияңыздың IT-инфрақұрылымына қызмет көрсетудегі жаңадан туындаған мәселелерді шешуді қамтамасыз ете алмауы мүмкін. Қосымша шешім ретінде Сіз әр-түрлі компаниялардағы көпқырлы мамандарды іздестіруіңіз мүмкін, және де асы орайда «Жедел жәрдемнің» нөмірлерінің өзекті тізімін үнемі сақтап отыруыңыз мүмкін. Аайда, бұдан да тиімдірек шешім бар!


ALSI Express Start жаңа өнімі – Сіздің IT саласындағы тыныштығыңыздың қамтамасыз етілуін күзетеді! Сіздің бизнесіңіздің ИТ-инфрақұрылымын қолдап отырудың барлық қамын біз өзіміздің мойнымызға аламыз!

ALSI Express Start шешімі оперативті түрде үйлестіріледі және пайдаланымға дайындалады, жабдықты орнату өте қысқа мерзімде жүзеге асырылады.

 

ALSI Express Start шешімінің артықшылықтары:

·        Компанияның әрбір қызметкері үшін жеке жұмыс орнын ұйымдастыру;

·        Ақпарат жіберу желісін және IP телефония желісін үйлестіру;

·        Корпоративтік электрондық поштаны ұйымдастыру;

·        Microsoft корпорациясының бағдарламалық қамтамасыз етуін жаңартудың біртұтас жүйесін ұйымдастыру;

·        Орталықтандырылған антивирус жүйесін қолдап отыру және жаңартып отыру;

·        Microsoft интеллектуалды каталогтар қызметін ұйымдастыру;

·        Файл сақтау қоймасын ұйымдастыру;

·        Хостинг қызметтері;

·        Компанияның бүкіл IT инфрақұрылымына әкімшілік ету қызметтері;

·        Есеп беруді қалыптастыруға және ұсынуға байланысты қызметтер;

·        Компанияның IT инфрақұрылымын Интернет желісіне қосуға байланысты қызметтер;

                                                        

Көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы

 

Компанияның әрбір қызметкері үшін жеке жұмыс орнын ұйымдастыру:

Тапсырыс берушінің берген мәліметтері бойынша, АЛСИ компаниясының инженерлері тарапынан, нақтылы тапсырмаларды шешуге арналған жабдықтарды іріктеу жүзеге асырылады, я болмаса, қолда бар жабдықтарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар беріледі. Компанияның әрбір қызметкері үшін жұмыс орны үйлестіріледі.

 

Ақпарат жіберу желісін және IP телефония желісін үйлестіру:

ALSI Express Start шешімі пайдаланушыларды 802.3u (Fast Ethernet – қарапайым, стандартты LAN (Жергілікті Есептеу Желісі) стандарттарына сәйкес өткізгіштік және өткізгішсіз 802.11b/g (Wi-Fi) технологияларға қосуға мүмкіндік береді. Қосылудың түрі – пайдаланушылар тарапынан жүзеге асырылатын қызметтерге байланысты.   

 

ALSI Express Start - IP телефонияны жергілікті есептеу желісіне біріктіруге мүмкіндік береді. Мұндай әдістің артықшылықтары:

·        телефонияға арналған қосымша өткізгіштерді тартудың қажеттілігі жоқ;

·        клиенттік дербес коспьютерде (ПК) программалық телефондарды пайдалану мүмкіндігі.

 

IP телефония - сандық телефонияның барлық артықшылықтарын бойына сіңірген, сонымен қатар, оларды өзінің артықшылықтарымен толықтырады:

-         Қитықтардан және тың тыңдаудан жоғары деңгейдегі қорғаныс;

-        Негізгі блоктардың шағын габариттік көлемдері;

-        Қолда бар деректерді жіберу желісіне жылдам біріктіру. Жұмыс орнына дейін қосымша өткізгіштер тартып

          жатудың қажеті жоқ. Дауыс, бейне және ақпарат бір кабель арқылы беріліп отырады;

-         Пайдаланушылардың дербес компьютерлерімен бірігу мүмкіндігі;

-         Негізгі блоктарды өзгертпестен, бейне-қоңырау шалуды ұйымдастыру мүмкіндігі;

-         Кеңейтілген қажетті функционал.

 

Егер Сіздің кеңсеңізде меншікті Деректерді Жіберу Желісі мен телефония бар болса, онда ALSI Express Start шешімі ағымдағы ИТ инфрақұрылымына оңай бірігіп, негізгі функционалды өзіне ауыстырады да, Сіздің ақпараттарыңызды сақтап қалады. 

 

Корпоративтік электрондық поштаны ұйымдастыру:

Электрондық пошта – компанияның бизнес процесстерінің қызмет етуінің негізгі компоненті болып табылады. Корпоративтік пошта - Microsoft корпорациясының Microsoft Exchange Server 2003 өнімінің негізінде ұйымдастырылады, ол келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

·        электрондық поштаның тұрақты жұмыс істеуі;

·        Интернет арқылы жеке пошта жәшігіне қол жеткізу;

·        күнтізбе жүргізу, кездесулер белгілеу;

·        дербес және топтық деректерге тәуліктің кез-келген уақытында оңай қол жеткізу;

·        ақпаратқа әлемнің кез-келген түкпірінен және кез-келген құрылғы арқылы қол жеткізу (мысалы, ұялы телефондағы web–браузер арқылы).

 

Microsoft корпорациясының бағдарламалық қамтамасыз етуін жаңартудың біртұтас жүйесін ұйымдастыру:

Қолданыстығы Microsoft корпорациясының программалық қамтамасыз етулерінің соңғы жаңартуларын қадағалап отыруға көптеген пайдаланушылардың уақыты жоқ. ALSI компаниясы Сіздердің қызметкерлеріңіздің дербес компьютерлеріндегі программалық қымтамасыз етуді автоматты түрде жаңартып отыру қызметін ұсынады. Уақытында жаңарту арқылы жүйенің өндірімділігін жоғарылатуға, ұсынылатын қызметтерді әрі жұмыстарды жақсартуға қол жеткізе аласыз, және де ең бастысы – сіздің бизнесіңіздің ИТ инфрақұрылымының қауіпсіздік деңгейін көтере аласыз.

 

Орталықтандырылған антивирус жүйесін қолдап отыру және жаңартып отыру:

Орталықтандырылған антивирус жүйесі – барлық пайдаланушылар үшін, я болмаса, жекелеген топтар үшін вирусқа қарсы программаның параметрлерін икемді түрде үйлестіруге мүмкіндік береді. АЛСИ компаниясының мамандары Сіздің жүйеңіздегі барлық антивирустардың уақтылы жаңартылып отыруын қадағалап отыратын болады, сондай-ақ, өндірімділік пен сапалы қорғаныстың арасындағы барынша тиімді үйлесімділікке қатысты кеңестерді ұсынады.    

 

Microsoft интеллектуалды каталогтар қызметін ұйымдастыру:

Microsoft корпорациясының интеллектуалды каталогтар қызметін жүзеге асыру – пайдаланушылық жұмыс ортасының баптамаларының біркелкілігін қамтамасыз ету үшін әкімшілерге (администратор) топтық саясатты пайдалануларына мүмкіндік береді, сондай-ақ, программалық қамтамасыз етуді бір уақытта бірнеше компьютерде өрістетіп отыруға, желінің барлық компьютерлеріндегі Оперативтік Жуйенің жаңартуларын, қолданбалы және серверлік программалық қамтамасыз етулердің  жаңартуларын орнатып отыруға мүмкіндік береді. Ортаның барлық ақпараттары мен баптамалары орталықтандырылған деректер базасында сақталады.

 

Файл сақтау қоймасын ұйымдастыру:

Файлдарды корпоративті пайдалану мүмкіндігімен қоса оларды серверде сақтау мүмкіндігі. Пайдаланушылардың дербес компьютерлеріне қарағанда, серверлердің жұмыс істеу режимдері аса тұрақты және қорғалған, сондықтан да, барлық қажетті ақпаратты Сіз әрқашан да серверде сақтасаңыз болады, кейіннен оларды сол серверден тауып алсаңыз болады. Сақтау қоймасының екі түрі қарастырылған: жергілікті файлдық қойма және қашықтағы файлдық қойма.

 

Жергілікті файлдық қойма

Мұндай қызмет тапсырыс берушінің жағында, оның жергілікті серверінде жүзеге асырылады.

Артықшылықтары:

-         Жазудың / басып алудың / оқудың жоғары жылдамдығы;

-         Интернетке кіру мүмкіндігінің болу-болмауына тәуелді емес;

 

Кемшіліктері:

-         Деректерді сақтаудың шектелген сыйымдылығы;

-         Бұзылудың жоғары ықтималдығы.

 

Қашықтағы файлдық қойма

Бұл қызмет провайдердің (АЛСИ) жағында жүзеге асырылады. Оған кіру – АЛСИ компаниясымен байланыс каналы бар болған жағдайда мүмкін болады. 

Артықшылықтары:

-          Деректерді сақтаудың үлкен сыйымдылығы, ары қарай кеңейту мүмкіндігі бар;

-         Ақпараттардың толығымен қорғалуы.

 

Кемшіліктері:

-         Оған кіру - байланыс каналының бар болуына байланысты;

-         Жылдамдығы – байланыс каналының сипаттамаларына байланысты.

 

Хостинг қызметтері:

Сіздің компанияңыздың корпоративтік WEB сайтын үшінші немесе екінші деңгейдегі доменмен орналастыру.

 

Корпоративтік ресурстарға FTP арқылы кіруді ұйымдастыру қызметтері

Корпоративтік ақпараттарға интернет арқылы, FTP протоколының құралдары арқылы толыққанды қол жеткізу.

 

Компанияның бүкіл IT инфрақұрылымына әкімшілік етуге байланысты қызметтер:

ALSI Express Start шешімі – Сіздің компанияңыздың IT инфрақұрылымына қашықтан әкімшілік етуді білдіреді. Енді Сізге штатта жеке жүйелік администраторды ұстаудың қажеті жоқ, ALSI компаниясының мамандары жүйенің ағымдағы жағдайына байланысты оперативті түрде кеңестер береді және кез-келген мәселені шешеді.  

ALSI компаниясы тапсырыс берушінің жүйесін толығымен басқаруды өз мойнына алады: қателіктер мен бұзылуларды бақылап отыру, диагностика, жүйенің және жабдықтардың жұмыс істеуіне қатысты есеп беруді жинау және ұсыну, программалық қамтамасыз етуді баптау және құзыретті кеңестер беріп отыру. 

 

Жергілікті әкімшілік ету

Баптауды, орнатуды, тексеруден өткізуді, диагностиканы, ақаулықтарды жоюды және басқа да жұмыстарды клиенттің жағында,  ALSI Инженерінің клиентке келуі арқылы жүзеге асыруды білдіреді. 

 

Қашықтықтан әкімшілік ету

Баптауды, орнатуды, тексеруден өткізуді, диагностиканы, ақаулықтарды жоюды және басқа да жұмыстарды тапсырыс берушінің жағында, ALSI Инженерінің келуінсіз жүзеге асыруды білдіреді.

 

Есеп беруді қалыптастыруға және ұсынуға байланысты қызметтер:

Бұл қызмет бизнес иелеріне - Алси компаниясының сараптама қызметінің есеп беруінің негізінде - өзінің компаниясындағы IT құрылымының ағымдағы жағдайы туралы әрқашан да хабардар болып отыруына мүмкіндік береді.      

 

Компанияның IT инфрақұрылымын Интернет желісіне қосуға байланысты қызметтер:

Клиенттің желілік инфрақұрылымын Интернет желісіне қосу мүмкіндігі. Интернетке кірудің баптамасы клиенттің қалауына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Қосымша қызметтерді көрсету

GSM-шлюз - IP телефониядан ұялы байланыс операторларының нөмірлеріне сапалы қоңыраулар соғуды жүзеге асыру мүмкіндігі.

Ссценарийлер сервері – серверде алдын ала белгіленген әрекеттерді клиенттің қалауы бойынша, алдын ала белгіленген алгоритмдер бойынша орындау мүмкіндігі.

Microsoft Shared Fax Service 

·       пайдаланушының жұмыс компьютерінен тікелей факсқа хабарламаларды жіберіп отыру және хабарламаларды алып отыру;

·       телефон желістерінің аздаған мөлшерін пайдалану барысында факстерді жіберіп отыру.  
Microsoft Windows SharePoint Services

·        ақпаратпен ұжымдаса жұмыс істеу;

·        компанияның ішкі веб-сайты;

·        құжаттарды бірлесе отырып пайдалану;

·        хабардандырулар мен сілтемелерді орналастыру, топтарда талқылау.

 

Жұмыс орындары

 

ALSI Express Start негіздік шешімі ALSI компаниясының дербес компьютерлерін пайдалануды ұсынады:

PC Alsi Business – үнемді пайдаланушыларға арналған!

Тұғырнама негізінде Pentium Dual-Core процессоры мен Intel i945G және iG31 желілік логика жиынтығы қолданылған. Онда – кірістіріле орнатылған Intel графикалық ішкі жүйесі,  2 гигабайт оперативтік жадысы, сыйымдылығы 250 гигабайтқа дейін жететін қатты табақшалары, 5.1 форматындағы кірістіріле орнатылған дауысы, DVD-RW, Card reader бар.

 

PC Alsi Portalтұрақтылықты, сенімділікті, үнемділікті және өрістету мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жетілдірілген.

Тұғырнама негізінде Core2Duo процессоры мен  Intel iG31 және iG41В желілік логика жиынтығы қолданылған. Онда NVIDIA бейнежүйесі,  2 гигабайт оперативтік жадысы, сыйымдылығы 320 гигабайтқа дейін жететін қатты табақшалары, 5.1 форматындағы кірістіріле орнатылған дауысы, DVD-RW, Card reader бар.

 

PC Alsi Tornado - сандық мультимедиялық файлдарды, ойындарды жасауға, таратуға және қарап шығуға арналған жоғары өнімділікті қамтамасыз ету мақсатында жетілдірілген. 

Тұғырнама негізінде Core2Duo процессоры мен  Intel iG31 желілік логика жиынтығы қолданылған. Онда NVIDIA бейнежүйесі,  2 гигабайт оперативтік жадысы, сыйымдылығы 320 гигабайтқа дейін жететін қатты табақшалары, 5.1 форматындағы кірістіріле орнатылған дауысы, DVD-RW, Card reader бар.

 

PC Alsi EGO – жұмыс бекеттеріне арналған, мультимедиялық материалдар мен ойындарға арналған аса жоғары өнімділікті қамтамасыз ету мақсатында жетілдірілген, сонымен қатар, әр-түрлі мақсат-мүдделері бар пайдаланушылардың көпшілігіне арналған жеткілікті мүмкіндіктері бар. 

Тұғырнама негізінде Core2Quad «EGO» (Corei7 «Flagman») процессоры мен  iG31 және iP35 желілік логика жиынтығы қолданылған. Онда NVIDIA бейнежүйесі,  4 гигабайт оперативтік жадысы, сыйымдылығы 500 гигабайтқа дейін жететін қатты табақшалары, 5.1 форматындағы кірістіріле орнатылған дауысы, DVD-RW, Card reader бар.

 

PC Alsi Start | Urbanүйге арналған өте жарасымды шешім. Ықшамды, көрікті, үнемді, әрі бағасы жағынан қол жетерлік. Тұғырнама негізінде Intel ATOM қолданылған, көлемі 2 гигабайтқа дейін жететін оперативтік жадысы, сыйымдылығы 250 гигабайтқа дейін жететін қатты табақшалары, DVD-RW, Card reader бар.

                                                         

Деректерді жіберу желісі және IP телефония

 

Ұсынылып отырған ALSI Express Start негіздік шешімі  - CISCO жабдықтарының негізіндегі IP телефония шешімін ұсынады. (Zyxel жабдығы қолданылуы ықтимал).
16 жұмыс орнына дейін қамтамасыз ететін CISCO негізіндегі шешім – бар-жоғы екі шағын блокта, төменде келтірілген мүмкіндіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, ал бір блокта 8 пайдаланушыға дейін жұмыс істей аоады.

UC520-16U мүмкіндіктері:

-         Сапар желіктегіш (Маршрутизатор);

-         Кірістіре орнатылған 8 порттық PoE коммутаторы;

-         WI-FI қызметіне қол жеткізу нүктесі;

-         VPN-сервер/клиент;

-         Қауіпсіздік жүйесі (Firewall);

-         Көп функционалды кеңселік АТС;

o   Қоңырауларды басқару - Cisco UC Manager Express (16 IP телефонға дейін жалғау);

o   Дауыстық пошта  - Cisco Unity Express Voice Mail (12 пошта жәшігі, 14 сағатқа дейін жазып алу мүмкіндігі);

o   Автохатшы (Auto Attendant);

o   B-ACD call-орталығының негіздік қызметтері;

-         4 қалалық телефон желілерін жалғауға арналған FXO порттар;

-         4 аналогтық құрылғыларды жалғауға арналған FXS порттар;

-         1 ұлғайту слоты;

-         1 ұлғайту порты. 

Бұл жабдық – қажетті қызметтері бар сапалы телефонияға және деректерді жіберу желісіне бір «қорапта» қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Телефон құрылғылары – пайдаланушылардың қажеттіліктері негізінде іріктеліп алынады. Корпоративтік клиенттерге ұсынылатын үлгі - Cisco 521SG/524SG.

 

Серверлік жабдық

ALSI Express Start негіздік шешімі үшін Intel Pentium D екі ядролық процессордың негізінде жетілдірілген серверлік жабдық ұсынылады. Жұмыс істеудегі сенімділігінің жеткілікті деңгейі - табақшалық ішкі жүйені, жадының ішкі жүйесін құрастыру барысында серверлік компоненттерді оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, серверлік шассидің шамадан артық салқындатылуын және үйлестірілген электрмен қоректендірілуін қамтамасыз етеді.   

Бұл жабдық – бүкіл IT инфрақұрылымының жұмысқа бейімділігін қуаттап отырады, және де қосымша қызметтерді ұсынады:

-        Microsoft интеллектуалды каталогтар қызметін ұйымдастыру;

-        файл сақтау қоймасын ұйымдастыру;

-        компанияның бүкіл  IT инфрақұрылымына әкімшілік ету;

-        қосымша қызметтерді іске қосу қызметтері.

 

Серверлік жабдық Microsoft Small Business Server 2003 жүйесімен жұмыс істеу үшін оңтайландырылған, ол – жеткізіліп берілетін топтаманың құрамына кіреді және өндіру кезеңі барысында орнатылады. Программаның пайдаланылуы қарапайым, ол серверлік тұғырнамалармен оңай біріктіріледі, шағын кәсіпорындарға арналып арнайы жетілдірілген, сондай-ақ, Сізге кеңсеңіздегі жұмысты тиімді ұйымдастыруға және Сіздің барлық қызметкерлеріңіздің тиімді жұмыс істеуіне оңтайлы жағдайларды жасауға мүмкіндік береді.

Microsoft Small Business Server 2003 жүйесі – Сіздің компанияңыздың қызметкерлерін барлық қажетті аспаптармен қамтамасыз ететін бірқатар компоненттерді өз бойында ұстайды:

 

Microsoft Windows Server 2003

     -      Файлдар мен қолданбалы программаларға қызметкерлердің бірлесе қол жеткізуі;

     -      Құжаттарды басып шығару;

     -      Интернет-қосылуды қорғаудың негізгі қызметтері;

     -      Толыққанды серверлік операциялық жүйе.


Орталықтандырылған антивирустық жүйе

Орталықтандырылған антивирустық жүйе Касперский өнімдерінің негізінде жүзеге асырылады. Пайдаланушылардың дербес компьютерлерінде Windows Workstations жүйесіне арналған 6.0 Касперский Антивирусы орнатылады. Пайдаланушылардың барлық антивирустарын басқару - Тапсырыс Берушінің жергілікті серверінен жүзеге асырылады. Мұның артықшылықтары:

-     Пайдаланушылардың дербес компьютерлерін біртұтас сақтандыру стандартына келтіру мүмкіндігі;

-     Автоматты түрде жаңарту;

-     Антивирустық жүйеге қол жеткізу саясаттарын басқару;

-     Пайдаланушылардың дербес компьютерлерін кесте бойынша вирустарға тексеру мүмкіндігі;

-     Пайдаланушылардың барлық дербес компьютерлері бойынша берілген есептерді жинау.

 

Пайдаланушылардың дербес компьютерлеріндегі Антивирус - қорғаудың келесі қызметтерін ұсынады:

-     Файлдық Антивирус;

-     Веб-Антивирус;

-     Іс жүзінде белсенді қорғаныс;

-     Пошталық антивирус;

-     Анти-шпион

-     Анти-хакер

 

Ұсынылатын есеп берулер:

        -     Антивирустық негіздердің версиялары туралы есеп беру;

        -     Касперский Лабораториясының қосымшаларының версиялары туралы есеп беру;

        -     Вирустық белсенділік туралы есеп беру;

        -     Қателіктер туралы есеп беру;

        -     Антивирустық қорғаныстың ағымдағы деңгейі туралы есеп беру және тағы басқалары.

 

ALSI Express Start – Сіздің бизнесіңіз үшін сенімді әрі тиімді IT шешім! Өзіңіздің бизнесіңіздің барынша тиімді ИТ инфрақұрылымын құрастыру мақсатында ALSI компаниясының мол мүмкіндіктерін және оның мамандарының көпжылдық тәжірибелерін пайдаланыңыз!

Қосымша сұрақтарға қуана жауап беруге дайынбыз!
ALSI компаниясының ең таңдаулы мамандары Сізге кеңес беруге дайын!

 

Байланыс ақпараттары: +7 727 297-11-00. E-mail: sales@alsi.kz