ALSI компаниясының алдында тұрған міндет – жоғары сапалы жабдықтарды, бағдарламалық жасақтама мен технологияны жай ғана сату мен тарату емес, сонымен бірге клиенттеге сапалы, кешенді қызмет көрсету.
Компанияның жобаларды енгізу мен іске асырудан бай тәжірибесі бар, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы бір қатар жетекші әлемдік көшбасшы-компаниялардан жобалық шешімдерге берілген ресми мәртебе-сертификаттарына ие.
Компания ішінде қалыптасқан өзара әрекеттестік үлгісі ALSI мамандарына кешенді жобаларды әзірлеу барысында компанияның барлық басқа бөлімшелерінің ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді.
Жүйелік интеграция аясында көрсетілетін қызметтер кешені:
- желілік инфрақұрылымды құру жөнінен кеңес беру қызметі;
- жабдықтарды баптауды оңтайландыру жөнінен кеңес берумен жалғасатын желі жағдайының аудиті;
- желілерді жаңғырту жұмыстарын орындау;
- тапсырыс берушінің бизнес-қосымшаларын ескере отырып желілерді жобалау;
- жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманы жеткізу;
- жобаны іске асыру, жабдық пен бағдарламалық жасақтаманы бабына келтіру;
- кепілді және кепілді мерзімнен кейінгі сервистік сүйемелдеу;
- авторластырылған оқыту және сертификаттау.
Наверх