Тегін кепілдік жабдықтың жұмыс істеу қабілетін қысқа, алдын ала келісілген мерзімде қалпына келтіруді қамтамасыз ете алмайтынын тапсырыс беруші түсінуі тиіс. Жөндеу жұмыстары мен қызмет көрсету барынша қысқа мерзімде жасалатынына қарамастан, басымдылыққа кепілденген жауап уақытын төлеген (осындай сервис бағдарламасы жөнінде келісім-шарт жасасқан) клиенттер ие болады. Ақпараттық кешенді пайдалану барысында туындайтын күрделі мәселелер де тегін кепілдеме шеңберінде шешіле алмайды. ALSI компаниясының басты міндеттерінің бірі – барлық тапсырыс берушілерді, олардың орналасқан жеріне қарамастан, кепілдік қызметінің толық жиынымен қамтамасыз ету. Осыған орай Қазақстан аймақтарында жеткізілетін компьютер жабдықтарын сапалы кепілдік жөндеуден өткізетін мүмкіндігі бар қазіргі заманғы сервис орталықтарының тармақталған желісі жұмыс істейді.
«ALSI» ЖШС Сервис Орталығы (ASP) НР, Dell, Panasonic professional, SONY professional, APC, ZyXEL, XEROX, Fujitsu Siemens, ViewSonic компанияларының Авторластырылған Сервистік Серіктесі болып табылады және осы компаниялардың жабдықтарын кепілді жөндеу қызметін көрсетеді.
Кепілді жөндеулер аталмыш жабдықты жасап шығарған компаниялардың кепілдік талаптары мен шарттарына толығымен сәйкес жасалады. Жұмысымызда біз өндіруші фирмалардың қосалқы бөлшектерін қолданамыз, өйткені көптеген бөлшектер баламалары жоқ түпнұсқа болып келеді.
«АЛСИ» ЖШС Сервис Орталығының бүкіл Қазақстан бойынша кең тараған сервистік өкілдер желісі бар, Сіз олардан көмек сұрауыңызға болады.
Бізде сервистік құжаттар, ақауларды анықтайтын және жөндеу мен орнату жұмыстарын атқаратын жабдықтар бар.
Өз қызметінің басынан бастап ALSI компаниясы нарықта өзін сервистік және кепілдік қызмет көрсетудің жоғары деңгейінен таныта алды. ALSI компаниясын клиенттерге қолайлы жағдай жасауға және толымды кепілдік қызметін көрсетуге бағытталған компания деп айту заңды.
Компанияның барлық клиенттері тегін техникалық қолдау мен білікті мамандардың кеңесін жедел түрде алуға мүмкіндіктері бар ALSI компаниясы жеткізілетін бұйымның жұмыс істеуге қабілетті екендігіне, сату барысында онда механикалық және басқа да анықталған зақымдардың жоқ екендігіне кепілдік береді.
Кепілдік - бұйымдарды кепілдік берілген мерзім ішінде тегін жөндеуді, немесе жөндеу мүмкін болмаған жағдайда оларды дәл сондай бұйымдармен ауыстыруды білдіреді.
Жөндеуге келмейтін бұзылым анықталған жағдайда бұйым мұндай бұзылымды растайтын тестілеу жұмысына жеткізіледі. Бұйымды сатушының кеңсесіне жеткізуге байланысты тасымалдау шығындарының барлығы сатып алушы есебінен жұмсалады.
Тегін кепілдік жөндеу тек бұйым зауыттық ақау салдарынан бұзылған деп танылған жағдайда ғана, және кепілдік талонында көрсетілген мерзім ішінде ғана жасалады.
Келесі жағдайларда бұйым кепілдіктен шығарылады және тегін жөндеу жасалмайды:
- Егер бұйым тауарды алғаннан соң оны тасымалдау барысында зақымдалған болса, немесе қолдану ережелері бұзылған жағдайда. Қолдану ережелерінің бұзалғандығын көрсететін өзіндік сыртқы көріністер мен тасымалдау және/немесе сақтау барысында орын алған зақымдар болған жағдайда.
- Егер бұйымда бөгде қол сұғушылықтардың ізі болса немесе рұқсат етілмеген жөндеу әрекеті болған жағдайда (сервис орталығы тарапынан сертификатталмаған жөндеу).
- Бұйым корпусының сыртындағы немесе ішіндегі кепілдік стикерлері бұзылған жағдайда (сериялық нөмірі немесе мезгілі көрсетілген фирмалық жапсырмалар).