ALSI сервис орталығы көрсететін қызметтер тізбегінде ақылы әрі ақысыз қызмет көрсету бар (ақысыз қызмет көрсетудің құны өнім бағасына қосылған).
Тегін қызмет түріне кепілдік міндеттемелерді орындау және телефон арқылы техникалық кеңес беру жатады
Ақылы қызмет түріне кеңейтілген кепілдік қызметін ұсыну жатады, соның ішінде:
- есептеу кешендерінің аппаратты бөлігінің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру,
- жабдықты іске қосу,
- жабдыққа кешенді қызмет көрсету,
- жабдықты жаңарту.
Жұмысты орындау шарттары және оның құны сервис қызметтерінің үлгі пакеттерінің жиынтығымен анықталады. Бұл қызметтерді сату әдетте тапсырыс берушінің жаңа жабдықты сатып алуы барысында жүзеге асады, ал олардың құны соңғы бағаға қосылуы мүмкін. Сонымен қатар, техникаға қызмет көрсету кепілдік мерзімі біткеннен соң да жасалады.
ALSI ЖШС тасушылардың келесі түрлерінен ақпаратты қалпына келтіру қызметін көрсетеді:
- Кез-келген конфигурациядағы қатты табақшалардан
- Флэш–жинаушылардан
- Кез-келген түрдегі сандық карталардан
Қалпына келтіру келесі мамандандырылған жабдықтарда жүргізіледі:
- PC3000 – UDMA + DATAEXTRACTOR бағдарламалық -аппараттық кешені
- PC3000 – ISA + DATAEXTRACTOR бағдарламалық -аппараттық кешені
- HRT V5.0 бағдарламалық -аппараттық кешені
- FlashReader V1.1 бағдарламалық -аппараттық кешені
- Магниттік қалпақшалар блогын ауыстыруға арналған «Таза камера».
- Магниттік қалпақшалар блогын шешуге арналған шешкіштер.
Кайта калпына келтіру қарапайым табақшалардан да, кез-келген деңгейдегі RAID- массивтерден де жасалады.