ALSI сервис орталығы – бұл төмендегі жабдықтарды жөндеу қызметін көрсететін кәсіби көпқырлы сервис қызметі:
- компьютерлік техника (компьютерлер, принтерлер, сканерлер, мониторлар және т.б.);
- үздіксіз қоректену көздері;
- ноутбуктар;
- көшіргіш-көбейткіш жабдықтар;
- кәсіби аудио- және бейне- жабдықтар;
- тұрмыстық аудио- және бейне- техника;
- телефондар, факстер, мини-АТС;
- салқындатқыштар.
ALSI сервис қызметінің артықшылығы: сапалы қызмет көрсету, қисынды бағалар және әрбір клиенттің дара бабын табу.
ALSI компаниясында техникалық мамандардың, инженерлердің және менеджерлердің жұмыстарының сапасын бақылаудың үздік жүйесі құрылған. Бүкіл жөндеу үрдісі, кезеңдер бойымен арнайы бейімделген бағдарламалық жасақтау арқылы бақыланады. Жөндеу туралы әрбір өтініштің мерзімін кескіндеу үшін түрлі-түсті гамма қолданылады.
Клиенттер әрдайым қызмет көрсету деңгейі туралы өз пікірлерін жеткізе алады, ал бұл пікірлердің біз үшін шешуші маңызы бар.
ALSI сервис орталығы жылдам және сапалы жөндеу мен диагностика жасауға арналған ең озық шешімдер мен бақылап-өлшеу аспаптарымен жабдықталған, соның ішінде:
- "РС-3000"for Windows (UDMA) + "Data Extractor UDMA бағдарламалық-аппараттық кешені (HDD жөндеуге және мәліметтерді қалпына келтіруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);
- HRT Repair Tool 5.0 (HDD жөндеуге және мәліметтерді қалпына келтіруге арналған бағдарламалық-аппаратты кешен);
- Flash және CompactFlash жинаушыларынан жоғалған ақпараттарды қалпына келтіруге арналған, сондай-ақ істен шыққан жинаушылардан мәліметтерді қалпына келтіруге арналған, Flash және CompactFlash жинаушыларынан мәліметтерді қалпына келтіруші кешен;
- жан-жақты, инфрақызыл, автоматты түрде орналасатын дәнекерлеуіш кешен;кешен элементтік деңгейде барлық дерлік тақшаларды тез және баппен жөндеуге арналған;
- құраушылар мен тақшаларды түрлі ластанулардан ультрадыбыстық тербелістердің көмегімен мұқият тазалауға арналған бөлшектер мен тақшаларды тазалағыш ультра-дыбыстық кешен. Ол - жолы қиын жерлерді тазалауда ерекше нәтиже береді;
- FLUKE сандық осциллографтары мен тестерлері;арнайы бағдарламалық жасақтауды қолдана отырып дәл өлшемдер жасауға,берілген белгінің әр-түрлі арналар арқылы өтуін салыстыруға, нәтижелерді дербес компьютерге шығаруға, сақтауға және ыңғайлы талдау жасауға арналған;
- жабдық құраушыларын және жалпы жабдықты жылдам құрғатуға арналған әмбебап құрғату шкафы. Жедел жөндеу уақытын едәуір қысқартады.
ALSI Сервис Орталығын әлемге танымал өндіруші-фирмалар авторластырған:
- HP
- Fujitsu Siemens Computers
- APC
- Zyxel
- ViewSonic
- XEROX
- DELL
- Foxconn
- Sony Professional

ал бұл бізге тек түпнұсқа құраушыларды қолдануға, жедел жеткізіп беруге және үнемі бақыланып әрі жаңартылып отыратын, құны шамамен 5 миллион доллар құрайтын, шығыс материалдары мен қосалқы бөлшектер сақтайтын тұрақты қойманы ұстауға мүмкіндік береді.
ALSI компаниясы Қазақстандағы бірегей ауыр (үш фазалық) АРС шешімдерін жөндеуді және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;Осы саладағы практикалық тәжірибе мен жұмыс сапасы ALSI Сервис Орталығын республикамыздағы жалғыз кәсіби сервис қызметі ретінде көрсетеді.
Диагностика мен жөндеуден өткен соң берілетін жабдық сыртқы ластанудан қорғайтын арнайы қосымша өңдеуден өтеді, антистатикалық, шаңнан қорғалған орамға салынады.
ALSI сервис орталығы қаланың нақ ортасында орналасқан, ал бұл біздің сервис қызметімізді барлық тұтынушылар үшін барынша қолайлы және ыңғайлы етеді.