- компьютерлік техника,
- үздіксіз қоректену көздері,
- ноутбуктер,
- көшіргіш-көбейткіш жабдыктар,
- телекоммуникация жабдықтары,
- байланыс құралдары жабдықтары,
- салқындатқыштар.
АЛСИ бөлшек сауда желісі тек әлемдік өндірушілердің соны техникасын ұсынады: Hewlett-Packard, Microsoft, CISCO System, Oracle, Borland, Kaspersky Lab, Motorola, Canon, Xerox, NRG, APC, 3M, TVM, Transcend, АйТи, Matsushita Electric Industrial, Philips, Toshiba, SONY, JVC, LG Electronics, Fujitsu Siemens Computers, MasterGuard.
Ұсынылатын өнімді таңдау және сатып алу барысында дүкен қызметкерлері білікті кеңес береді. АЛСИ компаниясының қызметкерлерін оқытудың және олардың кәсіптік машығын жетілдірудің арқасында қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне қол жеткзіліп отыр.
АЛСИ фирмалық дукендер желісі тек Астана мен Алматыда ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының басқа да аймақтарында орын тепкен.
АЛСИ дүкендеріндегі тауарларды ұсыну Show Room-дарды құру арқылы жүзеге асырылады. Мұндай Show Room қызметінің негізінде жатқан басты қағида – техниканы таңдауда клиенттерге қол ұшын беру. Бағаның, сенімділік пен сапаның барлық талаптарына сай келетін, кеңсеге немесе үйге арналған жабдықты , таңдау кейде өте қиынға соғатыны ешкімге құпия емес.Нақ осы мәселені АЛСИ дүкендеріндегі Show Room-ға келіп,табысты шешуге болады.
Залдар келушілерге жеке-жеке әр өндірушінің модельдерінің барлығымен біртіндеп танысуға мүмкіндік болатындай етіп жобаланған. Залдардың ішкі кеңістігі сатып алу шараларын жүзеге асыруға барынша қолайлы жағдай жасалатындай етіп безендірілген.