басты
жүйелі
итегратор
+7 (727) 297-11-00
Сiз здесь Бас > Баспасөз орталығы > Баспасөз хабарламалары
Подписаться на новости
Атырау қаласында өткен корпоративтік тапсырыс берушілерге арналған конференцияның қорытындылары.
Атырау қаласында өткен корпоративтік тапсырыс берушілерге арналған конференцияның қорытындылары.

 

2009 жылы 22-мамырда АЛСИ компаниясының Атырау қаласындағы корпоративтік тапсырыс берушілеріне арналған әлдеқашан дәстүрге айналған жыл сайынғы конференция болып өтті.

Іс-шараға жетекші әлемдік вендорлар АРС және Fujitsu Technology Solutions қатысты. Конференция тыңдармандарының аудиториясын Атырау қ. мұнай-газ секторының өкілдері құрады.

Конференцияда құттықтау сөзбен АЛСИ компаниясының Атырау қаласындағы филиалының коммерциялық директоры Алдан Құрманалиев баяндама жасады, ол өз сөзінде экономикалық дағдарыс жағдайындағы өзара әрекеттестіктің маңызды мәселелерін атап өтіп, компанияның қалыптасқан сыртқы жағдайдағы негізгі даму үрдістері мен стратегиялық бағыттары туралы баяндады.

Конференция бағдарламасында АРС, Fujitsu Technology және АЛСИ өкілдері де сөз сөйледі:

·         Евгений Толоконников (АРС) – деректерді өңдеу орталықтарының үнемді және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге негізделген АРС шешімдері, деректерді өңдеу орталықтарын олардың тиімділігін, қолдану ыңғайлылығын арттырып, жалпы иелену құнын азайтатындай етіп құруға және жаңғыртауға мүмкіндік туғызатын шешімдер жөніндегі көрсетіліммен таныстырды.

·         Вадим Виноградов ( Fujitsu Technology Solutions) – тыңдармандарға Fujitsu Technology Solutions компаниясы туралы мағлұмат беріп, Fujitsu Technology Solutions жаңа  буынды Blade серверлерінің артықшылықтары мен қосымша мүмкіншіліктерін көрсетті. Спикердің айтуынша, бұл деректерді өңдеу орталықтарында ұзақ уақыт бойы қолдануға арналған өте жоғары өнімді серверлер.

·         Александр Семенов (АЛСИ Оқу Орталығы) – сөз сөйлеуші аудиторияға интерактивті көрсетілім ұсынды – Microsoft Office Project 2007 «Жобаларды тиімді басқар» курсы бойынша шағын-сабақ өткізді, оны АЛСИ Оқу орталығында толық үйренуге болады.

·         Алдан Құрманалиев (АЛСИ) – спикер жалпы АЛСИ компаниясының стратегиясы туралы, сондай-ақ компанияның негізгі бөлімшелерінің жұмысы туралы баяндады. Сонымен бірге баяндамашы филиалдың 2007-2009 жж. кезеңдегі құрылымдануына қатысты мәселелерді түсіндіріп, АЛСИ компаниясының Атырау қаласындағы Сервис орталығының тиімділігі мен оң көрсеткіштерін атады және филиалдың келешекке құрған жұмыс жоспарларымен бөлісті.   

 

 

    
  

Конференция аясында спикерлер үздік тыңдармандарды ескерткіш сыйлықтармен марапаттады, сол конференцияның бизнес-бөлімі аяқталған соң қатысушылардың барлығы АЛСИ, АРС және Fujitsu Technology Solutions  компанияларынан ескерткіш жәдігерлер алды.

Кешкі бағдарлама бойы меймандар мен спикерлерге Іскерлік байланыстарды нығайтып-орнатуға, жаңа бірлескен жобаларды талқылауға мүмкіндік берілді. «Пиратос Пати» - осы атаумен өткен кешкі бағдарламада меймандар ертегі кейіпкерлері – теңіз қарақшыларына айналды. Құнды олжа тұрған орынға дейінгі қиын жолдан абыроймен өткен мейман-қарақшылар ұтыс ойындары мен алуан түрлі конкурстарға қатысып, тапсырманы орындады және өмірлік естелік үшін сыйлыққа тақырыптық жәдігерлер мен атрибуттар алды, және, әрине, жарқын әсерге молынан бөленді!

 

АЛСИ  компаниясы іс-шараның барлық қатысушыларына алғыс білдіреді!

 

Толығырақ ақпарат:

marketing@alsi.kz