басты
жүйелі
итегратор
+7 (727) 297-11-00
Сiз здесь Бас > Баспасөз орталығы > Баспасөз хабарламалары
Подписаться на новости
Астана қаласында Қазақстан IT-компаниялары Ассоциациясының Бірінші Көрмесі болып өтті.
Көрмеде АЛСИ компаниясы шағын және орта ұйымдарға арналған жаңа өнімімен таныстырды.

 

Қазақстан IT-компаниялары Ассоциациясы 2009 жылы 14 мамырда Астанадағы «Думан» мейманханасында Қазақстан IT-компаниялары Ассоциациясының (КАITК) Бірінші Көрмесін өткізді. Көрме-семинар КАITК 5-жылдық мерейтойына арналды.  Қазақстан IT-компаниялары Ассоциациясының  Бірінші Көрмесіне қатысқандар — бүгінгі таңда саны 48-ді құрайтын отандық  IT-компаниялар.

Іс-шараның мақсаты — Ассоциацияға қатысушылар арасында тәжірибе алмасу, мемлекеттік органдарды ақпараттық технологияларды енгізудің түйінді мәселелерімен және Ассоциацияның экономикалық дағдарыс жағдайында елдің IT-саласын дамыту жөніндегі ұсыныстарымен таныстыру.

Көрмені КAITK президенті Нұрлан Исин, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев және «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев, үшеуі бірге рәміздік бауды қиып, ашты. IT-саласын дамыту мен жетілдіру мәселелері бойынша негізгі баяндамалармен  KAITK Кеңесінің мүшесі  Еркін Сүлейменов, Талғат Баймағамбетов және Ассоциация активінің мүшесі Александр Чикитин сөз сөйледі. Басқа сөз сөйлеулер барысында отандық  IT-компаниялар өздерінің  IT-жобалары, жаңашыл шешімдері туралы баяндады.

АЛСИ компаниясы көрмеде АЛСИ-дің өнімділік пен сенімділік арасында байсалды үндестікті қамтамасыз ете отырып, шағын кәсіпорындарда АТ-инфрақұрылымын құруға арналған Express Start шешімін ұсынды. Шешім қызметкерлер штаты 50 адамға дейінгі ұйымдарға жолданған. Жүйе негізгі кеңселік қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған әмбебап өнім ретінде пайдаланылады: телефон байланысын, жергілікті деректерді  тарату желісін, Интернетке және қалалық телефон торабына қатынауды, вирусқа қарсы қорғауды ұйымдастыру  мен көптеген тағы басқалары.

АЛСИ өнімдерінің бірегейлігі, ең алдымен, IT-кеңсені  басынан бастап құруға арналған дайын және бапталған шешімді алу мүмкіндігінде.    

Өнімдердің басқа талассыз артықшылықтары мыналар:

  ендірілген IP-телефония қызметтері және IP-телефондар, соның ішінде бюджеттік нұсқалары, кеңселік АТС пен телефондық кабель желісін өрістетуден үнемдеуге мүмкіндік береді;

-   ендірілген Wi-Fi қызметтері кабельдік инфрақұрылымға қосымша шығынсыз жергілікті торапты шұғыл өрістетуге мүмкіндік туғызады;

-   сыннан өткен технологиялар мен өнімдердің жоғары сенімділігі, толық өзара функционалдық және аппараттық үйлесімділік;

-   соның ішінде адам ресурстарының біліктілігі мен саны бойынша ең аз шығынмен жабдықты тез орнату;

-     ыңғайлы деинсталляциялау, көшіру, тасымалдау және жаңа жерге орнату рәсімі.

 

Жаңа өнімдерді АЛСИ  шағын және орта бизнестің желілік инфрақұрылымға, серверлік шешімдер мен телефонияға қойылатын өскелең талаптарын ескере отырып, әзірледі.