басты
жүйелі
итегратор
+7 (727) 297-11-00
Сiз здесь Бас > Баспасөз орталығы > Баспасөз біз туралыс
Подписаться на новости
ALSI үйренудiң өте жаңа әдiстерiнiң дамытуға арналған ақпараттық технологиялардың Халықаралық университетiмен ынтымақтасады, XXI ғасырдың талаптарға тиiстiлерiне

        
        Ақпараттық технологиялардың Қазақстанындағы халықаралық университет үйренудiң өте жаңа әдiстерiнiң дамытуға арналған нарықтың жетекшiлерiмен, XXI ғасырдың талаптарға тиiстiлерiне ынтымақтасады

Ақпараттық технологиялардың жақында жасалған Халықаралық университетi түсiнiсу және Ciscoнiң серiктестiгi бар iстестiк туралы меморандумдарды қол қойды және қазақстандық итоларды бастаушы серiктестiктермен - нарық.

 

Алматы, Қазақстан, 2009 жылдың 21 қазаны - ақпараттық технологиялардың биыл Алматыға өз қызметiн жаздыкүнi бастаған Халықаралық университетi Cisco, ALSIнiң серiктестiктерi бар информациялық - коммуникациялық технологиялардың саласында түсiнiсу және iстестiк туралы меморандумдарды қол қойды, Orent Labның Компитенцийiнiң орталықтың Алатау және Шудiң ақпараттық технологияларының бағымен. Бұл ең iрi итолары бар iстестiктiң белсендi дамытуы шеңберiнделерi iстелген - жоғарғы класс мамандандырылған бiлiмнiң алуға арналған ең жақсы мүмкiндiктердiң ақпараттық технологияларының Халықаралық университетiнiң студенттерiне беру мақсаттарындағы серiктестiктермен.

         

 

 

Орта Азия аумағында көшбасшы болып отырған Қазақстанда экономикалық даму, үздік технологияларды енгізу мәселелерінде және  жоғары санаттағы АТ-мамандарды даярлауға аса зор маңыз беріледі. Елімізде АТ өндірісті дамыту бағдарламасы мемлекеттік деңгейде қабылданып, электрондық үкімет құру жобасы қолдау тапты. Белгіленген мақсаттарға жетуде жасалған тағы бір қадам – үстіміздегі жылы  Халықаралық ақпараттық технологиялар  университетінің ашылуы. Бұл университет ақпараттық технологиялардың  жетекші компанияларымен ынтымақтаса отырып, білім берудің жоғары сапасы мен ЖОО түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.


«Меморандум ауқымында осындай  ірі АТ-компанияларымен ынтымақтасу  біздің студенттерімізге алған білімдерін бекітіп, оқудың алғашқы жылдарынан-ақ кәсіптік машықтануларына мүмкіндік береді. Біздің университет ақпараттық технология мамандарының жаңа ұрпағын даярлайды. Ең алдымен бұлар халықаралық стандарттар талаптарына сай практикалық машықтары мен басшылық (менеджерлік)қасиеттері  бар мамандар. Бұлар өзі үшін де, команда үшін де жауапкершілікті ала алатын көшбасшылар. Біз АТ-рыногының сұранысын ұдайы қадағалап отырамыз, себебі ақпараттық технологиялар индустриясының компанияларымен тығыз байланыста болмайынша , оларды  білікті мамандармен қамтамасыз ете алмаймыз», - деді Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков.


Меморандумға  қол коя отырып, Дамир Шыныбеков пен Cisco компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің бас директоры  Айдар Дәулетов  оқытудың ең озық технологиялары  бойынша жемісті ынтымақтасуға ынталы  екендіктерін айтты. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті мен Cisco компаниясы білім берудің жүйелік бағдарламасын жасап, Cisco Жүйелік академиясының бағдарламасын университеттегі оқу бағдарламасына енгізуді жоспарлап отыр.


«Со
ңғы 25 жыл ішінде Cisco инженерлері  ІР-протоколдарына негізделген жүйелік технологияларды жасаудың алғы шебінде келе жатыр. Бүгінгі күні ІР-жүйелер үкіметтік, білім беру және коммерциялық ұйымдардың коммуникациялық инфрақұрылымдарының  ажырамас бөлігі болып отыр. Cisco Жүйелік академияларының бағдарламасы ХХІ ғасыр талаптары мен үндеулеріне жауап беретін  жан-жақты білім беруді қамтамасыз етеді, ал студенттерге жүйелерді жобалауға, құруға және басқаруға қажетті білім мен машық алуға мүмкіндік тудырады. Біз өз білімдеріміз бен тәжірибемізді  Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті студенттеріне беруге қуаныштымыз. Оның үстіне, жасөспірімдер үшін АТ-білімінің маңыздылығын түсіне отырып, біз еліміздің бүкіл өңірлерінің орта мектептерінде де өзіміздің Жүйелік академияларымызды ашуға күшімізді жұмылдырамыз»,- деп атап өтті Cisco компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің бас директоры  Айдар Дәулетов.


Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен ынтымақтасу – Cisco үшін Қазақстандағы білім беру саласындағы бағдарламаларды жетілдірудегі тағы бір қадам. Cisco-ның алғашқы Жүйелік академиясы 2000 жылы ашылған болатын. Осы сәтте Қазақстанның 5қаласының ЖОО мен орта мектептерінде ашылған 29 жүйелік академияда 500 студент оқытылуда. 2009-2010 оқу жылында Cisco Жүйелік академиясының бағдарламасы оқушыларға IT Essentials (АТ негіздері) курсы бойынша білім алуға мүмкіндік беретін орта мектептер санын көбейтуге бағытталады.


Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен аса ірі қазақстандық АТ компанияларының   тағы бірі – ALSI ынтымақтаспақ. «ALSI компаниясы 19 жылдан астам уақыттан бері Қазақстан территориясында жүйелі интеграцияланудың көшбасшысы  болып келеді. Осындай ұзақ уақыт ішінде компанияның қоржынында біршама жетістіктер құзіреттер жинақталған. Жыл сайын компания мыңдаған жобалар енгізеді, оның ішінде 100ден астамының мемлекеттік маңызы бар. Компания 10 жылдан бері еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО ынтымақтастықта еңбек етеді, жыл сайын 50ден аса студент компанияда негізгі АТ мамандықтары бойынша практикадан, стажировкадан өтуге мүмкіндіктері бар. Олардың үздіктері ALSI-де жұмысқа қалып, жақсы кәсіби АТ даярлық алады. Бұл күндері рынокта ALSI Оқу орталығының қызметтері кеңінен берілген. Мұнда көптеген студенттер оқытудың арнайы АТ бағдарламаларымен білім алған. Олардың көпшілігі қазір еліміздің жетекші компанияларында еңбек етіп, АТ қызметтері рыногында маңызды кәсіби орындарды алып отыр. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға  қол коя отырып, біз Қазақстанда АТ кадрларын сапалы даярлауда өз мойнымызға  жауапкершілік алып отырғанымызды түсінеміз. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің үздік студенттеріне ALSI компаниясында стажировкадан өту және оқу барысында алған білімдерін іс жүзінде қолдану мүмкіндігін туғызуға қуаныштымыз. АТ болашақ мамандарына өз мүмкіндіктерін ашып, кәсіби баспалдақпен алғашқы  нық қадам басуларына  ALSI компаниясы көмек көрсетеді» , - деді  ALSI компаниясының Бас директоры Талғат Баймағамбетов.


Университетпен ж
әне оның студенттерімен Қазақстандағы АТ секторының табысты дамуына ықпал ете отырып, аумақтық және халықаралық  рыноктарда ерекше АТ бос кеңістіктерін анықтап, дамытумен қоса технологиялар алмасу жолында белсенді ынтымақтастықта жұмыс жүргізуге «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі де әзір. Парктің Бас директоры Кусенов М.А.: Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен ынтымақтасу екі жаққа да пайдасын тигізеді. Себебі қазіргі таңда ең маңыздысы – интеллектілік еңбегі біздің ақпараттық технологиялар паркін өмір сапасын барлық салада жақсартуға қолданылатын бағдарламалық өнімдермен және заманауи хай-тек технологиялармен толықтыруға көмектесетін  жоғары білікті мамандар даярлау », - екеніне сенімді.


Халы
қаралық ақпараттық технологиялар университеті      бұлардан басқа ЧУ «Orent Lab құзырлық орталығымен» меморандумға қол қойды. Ынтымақтаса еңбек ететін негізгі бағыттар:
•    Cisco Ж
үйелік академиясының бағдарламасы бойынша нұсқаушылар курсында оқытушыларды оқыту;
•     Халы
қаралық ақпараттық технологиялар университетінің үздік студенттеріне практикадан өтуге мүмкіндік беру;
•     Ж
үйелік академия бағдарламасы  курстары бойынша табысты  білім алған студенттерді жұмысқа орналастыруға көмектесу, оның ішінде Cisco Partner Talent  рекруттық порталы арқылы халықаралық еңбек рыногында да;
•    Бірлескен
әлеуметтік жобалар ұйымдастыру,оның ішінде, Жүйелік академияның «АТ негіздері» курсын мүгедек балаларға, мектеп, балалар үйлері мен интернат оқушыларына .
«Orient Capital.kz » басшы  компаниясыны
ң  Бас директоры Екатерина Алиеваның пікірінше: «Orient Lab» және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті арасында   меморандумға қол қою жоғары білікті АТ кадрларын сапалы даярлауға да, Қазақстанда АТ білім деңгейін көтеруге бағытталған маңызды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда одан ары ынтымақтаса еңбек етуге де кең жол ашады».