Подписаться на новости
Road Show АЛСИ - НР.
Road Show АЛСИ - НР.
АЛСИ компаниясы НР-мен бірлесіп компанияның аймақтық серіктестеріне арнайы жыл сайын өткізілетін кезекті Road Show жоспарлауда.
«АЛСИ мен НР шешімдері бизнес тиімділігін арттыру үшін!» тақырыбындағы Road Show 14-мамырда Астана қаласында басталып, 29-мамырда Ақтау қаласында межесіне жетеді. Жалпы алғанда, қос компанияның өкілдері ҚР-ның бес ірі қаласына жол тартады: Астанаға, Қарағандыға, Павлодарға, Өскеменге және Ақтауға.
Қалалар бойынша конференция кестесі:
|
Астана |
14.05.09 |
Grand |
Бейбітшілік көш., 8 |
|
Павлодар |
15.05.09 |
Ертіс қонақүйі |
Академик Бектұров көш., 79 |
|
Қарағанды |
21.05.09 |
Hotel Cosmonaut |
Кривогуз көш., 162-а |
|
Өскемен |
22.05.09 |
Shine River Hotel |
Солнечная көш., 8/1 |
|
Ақтау |
29.05.09 |
Grand Hotel Victory |
13 ықшамауд., 25 үй |
Спикерлер Hewlett Packard-тің әр түрлі серверлік шешімдерінің артықшылықтары мен қосымша мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ аймақтық қатынастардың даму үрдістері мен АЛСИ компаниясымен бұдан былайғы серіктестік ынтымақтастық келешегі жайында баяндайды.
Семинарға қатысушылар НР ProLiant ML&DL&BL тобының серверлері негізіндегі шешімдер туралы бәрін білетін болады: түрлерін, жаңа өнімдерін, параметрлерін, НР ProCurve мүмкіндіктерімен танысады, жекелей алғанда, кез келген ауқымдағы кәсіпорынның желілік инфрақұрылымын қалай тиімді оңтайландыруға болатынынан хабардар болады.
АЛСИ компаниясының аймақтық серіктестерінде Road Show-ға тіркелуге және қатысуға мүмкіншілік бар.