басты
жүйелі
итегратор
+7 (727) 297-11-00
Сiз здесь Бас > Баспасөз орталығы
Подписаться на новости
АЛСИ, Dell, APC, Intel –дің коммерциялық ұйымдарға арналған бірлескен конференциясы.
АЛСИ, Dell, APC, Intel –дің коммерциялық ұйымдарға арналған бірлескен конференциясы.  

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи үрдістерімен қатарласуға ұмтылған АЛСИ компаниясы клиенттерге арналған іс-шараларды АТ-саласының жетекші вендорларымен бірлесіп жүргізеді. 

Осы бағдарлама аясында, 2009 жылдың 24 шілдесінде Dell, Intel, APC-дің  коммерциялық кәсіпорындарға арналған шешімдері ұсынылған АЛСИ конференциясы болып өтті. Конференцияға Алматы қаласындағы коммерциялық және ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.

Конференцияны АЛСИ компаниясының директоры Қайрат Төкішев ашты, ол өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығын атап өтіп,  конференцияға қатысушыларға Dell, Intel, APC және АЛСИ шешімдерінің негізінде жаңа АТ-жобаларды әзірлеуге көмектесетіндігіне үмітін білдірді.

Dell-дің СТАН елдеріндегі  аймақтық менеджері Рүстем Тайшыбаев кіріспе көрсетілімінде Dell-дің клиенттік корпорациялық шешімдері туралы, тапсырыс берушінің бизнес-міндеттерін шешуде кешенді әдіске негізделген стратегиясы мен нақты АТ-жобаны әзірлеуде Dell-дің дүниежүзілік тәжірибесін пайдалану жайлы баяндады.   

Дмитрий Гринько, Dell, Ресей, өз көрсетілімінде Сақтау жүйелері туралы әңгімелеп берді. Ол өз сөзін АЛСИ компаниясының Dell шешімдері негізінде «кілтке» орындаған табысты жобалары туралы мысалдармен әрлендіре түсті.

 

Бақытжан Шалабаев, Dell менеджері, Қазақстан,  өз көрсетілімінде Dell-дің соңғы өнімдік жаңалықтарын айтып, серверлік шешімдері туралы, оның өнімдерінің артықшылықтары мен техникалық көрсеткіштері туралы баян етті.

Ұлықбек Бекдаир, АРС басшысы, Қазақстан, Деректерді өңдеу орталығының тиімді әрі үнемді жұмысын қамтамасыз ету туралы әңгіме өрбітті. Ол дағдарысты құбылыстар жағдайындағы үнемділік әсерінің маңызын атап өтті.

АЛСИ компаниясы «Windows 7-ге алғашқы көзқарас» көрсетілімін ұсынды. АЛСИ оқу орталығының оқытушысы Денис Власенко өз сөзінде аудиториямен жаңа өнімнің жаңа мүмкіндіктерін талқылады.

 

Конференция интерактивті режимде өтті, қатысушылар өздерін қызықтыратын мәселелер жөнінде кеңінен кеңес алды.  Үздік сұрақтар конференцияны ұйымдастырушылар тарапынан атап өтілді. Шара соңынан қатысушыларды таза ауадағы кешкі ас, атты серуендер, бильярд күтті. 

Dell компаниясы туралы:

Компанияның негізін 1984 жылы Майкл Делл қалады.  

Dell — XX ғасырдың соңы — XXI ғасырдың басындағы ең серпінді дамушы компаниялардың бірі. Dell дербес компьютерлер, ноутбуктер, серверлер, деректерді сақтау құрылғылары, желілік жабдықтар, ҚДК мен басқа аппараттық жасақтама үлгілерінің кең жиынын өзірлейді, өндіреді, сатады және қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, стратегияның маңызды элементі - оның үш аспектісі: тапсырыс беруші қалауына сай компьютерлерді талап етілген мерзімдерде жеткізу, сондай-ақ тұрақты сервистік қолдау.

АРС компаниясы туралы:

American Power Conversion корпорациясы 1981 ж. құрылды.

Өткен жылдарда APC үй және шағын кеңселер, коммерциялық желілер, қызмет көрсету провайдерлерінің тораптары, деректерді өңдеу орталықтары мен корпорациялық электр желілері сияқты түйінді стратегиялық қолданыс салаларындағы жаһандық кешенді шешімдердің жеткізушісі болды. Бірқатар стратегиялық жетістіктермен қуаттандырылған меншік өнімдерді әзірлеу компанияға салада шығарылатын өнім ассортименті бойынша алдыңғы шептен орын алуға мүмкіндік жасады. Бүкіл әлемде   APC маркасы электрмен қуаттандыру мен оны қорғау құралдарын басқару саласындағы жоғары сапалы шешімдердің баламасына айналды. 

Intel компаниясы туралы:

Intel компаниясының негізі 1969 жылы қаланды.

Intel компьютерлік техниканың дамуына зор үлес қосты. Барлық порттарға, шиналарға, пәрмендер жүйесіне сипаттамаларды Intel немесе онымен бірлесе жұмыс істейтін компаниялар жазғандығын айтудың өзі жеткілікті.  Компания үйде қолданылатын дербес компьютерлердің,  күні бүгінге дейін ең көп тараған Pentium және Celeron процессорлары серияларының аса ірі өндірушісіне айналды.

АЛСИ компаниясы туралы:

АЛСИ компаниясы 1991 жылы құрылды.

Компания қызметінің негізгі бағыты - тұтынушыны ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары технологиялы өнімдермен және қызметтермен қамтамасыз ету.   Кәсіби білімділігі мен біліктілігінің арқасында АЛСИ тапсырыс берушілердің сенімін ақтап, нарықта 16 жылдан артық табысты жұмыс атқаруда. 

АЛСИ компаниясы – Dell-дің Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы ресми  дистрибьюторы, АРС, Primer Provider Intel-дің ресми серіктесі.