басты
жүйелі
итегратор
+7 (727) 297-11-00
Сiз здесь Бас > Баспасөз орталығы
Подписаться на новости
Road Show АЛСИ-HP 2009.
Road Show АЛСИ-HP 2009.

 

«АЛСИ мен НР шешімдері бизнестің тиімділігін арттыру үшін тақырыбындағы Road Show 14 мамырда Астана қаласында басталып, 29 мамырда Ақтау қаласында аяқталды. Жалпы алғанда, қос компанияның өкілдері ҚР-ның бес ірі қаласына барды: Астанаға, Қарағандыға, Павлодарға, Өскеменге және Ақтауға.

Конференция бағдарламасы Hewlett Packard-тің әр түрлі серверлік шешімдерінің артықшылықтары мен қосымша мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ аймақтық қатынастардың даму үрдістері мен АЛСИ компаниясымен бұдан былайғы серіктестік ынтымақтастық келешегі туралы әңгімелеген спикерлердің баяндамаларын қамтыды.  

Жекелей алғанда, АЛСИ аймақтық сатылымдар бөлімінің менеджері  Дмитрий Роговец НР ProLiant ML&DL&BL тобы серверлері негізіндегі шешімдер туралы  баяндады:  түрлерін, жаңалықтарын, параметрлерін. Сонымен бірге спикер өнімділік пен тиімділіктің жаңа стандарттарын ашатын 6-шы буынды жаңа НР ProLiant өнімдерімен таныстырды.

НР ProLiant серверлер тобы микроэлементтік қор саласындағы соңғы жетістіктерді пайдаланып құрылған, жоғары өнімділікті, пішін икемділігі мен жоғары сенімділікті қамтамасыз ететін, мұқият ойластырылған  теңгерілген құрылымы бар жоғары технологиялық өнімдерді білдіреді. 

Сөйтіп, НР ProLiant өнімдері мен олардың опцияларынан тапсырыс берушінің қалауы бойынша кез келген шешімді жинауға болады.

Сонымен қатар, спикер аудиторияны НР ProCurve мүмкіндіктерімен таныстырды, кез келген ауқымдағы кәсіпорынның желілік инфрақұрылымын қалайша тиімді оңтайландыруға болатындығы туралы айтты.

НР компаниясының өкілі Вадим Качук «ProLiant-Proдвижение» бағдарламасы туралы баяндады, бұл көтермелеу жүйесі оған қатысушыларға  Rebates жинап, алуға мүмкіндік береді, оған қатысушы-компания дистрибьютордан НР ISS жабдығын сатып алуға құқылы. Сондай-ақ ұпай жинау мүмкіндігі бар, оларды бағдарламаның қорытындылары бойынша әрбір қатысушының сатқан серверлерінің санына сәйкес есептейді де, қатысушы   оларға  бағалы сыйлықтар таңдайды.

 

Татьяна Байгарина, НР-дің сервистік серіктестер жөніндегі менеджері, қосымша сервистердің жаңалықтары туралы, атап айтқанда, 2009 жылдың 1 маусымынан бастап ҚР аумағында электрондық НР Care-Pack енгізу туралы  айтты. HP Care Pack – стандарт кепілдік  беру жағдайларын қызмет көрсету мерзімі бойынша да, тапсырыс беруші алдындағы міндеттемелер деңгейі бойынша да кеңейтетін  сервистік қызметтер пакеті.

Әр қаладағы конференция фуршетпен аяқталды, мұнда серіктестер үшін сыйлықтар ойналды, сонымен бірге конференцияға қатысушыларда екі компанияның өкілдерімен достық жағдайда бейресми әңгімелесуге мүмкіншілік болды.