2009 жылы 03 сәуірде Астана қаласында АЛСИ компаниясы мемлекеттік секторға арналған жыл сайынғы «Сіздің бизнеске арналған серверлік шешімдер мен үздіксіз идеялар» конференциясын ұйымдастырды.  

 

Конференция жұмысына жетекші әлемдік брендтердің өкілдері де қатысты DELL, Intel, MasterGuard.
Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік сектордың, ұлттық компаниялар мен елорда холдингтерінің АТ-департаменттерінің 45 басшысы мен жетекші сарапшылары болды.
Конференцияны  АЛСИ-дің Астана қаласындағы филиалының жобаларды басқару және корпоративтік сатылымдар бөлімінің бастығы Серік Өтегенов ашты.

АЛСИ компаниясының өкілі  «АЛСИ–дің IT – шешімдер саласындағы құзыреті» көрсетілімін жасады.

Өз сөзін баяндамашы жалпы АЛСИ компаниясының қызметі, оның түйінді құзыреттері туралы ақпаратқа арнады.

«Ассортименттің кеңдігі біздің табысымыздың іргетасы, - деп мәлімдеді сөз сөйлеуші, - өз қорында меншікті өндірістен басқа, халықаралық өндірушілердің өнімдері мен шешімдерге ие бола отырып, біз өзара қарым-қатынастар жүйесін үздік әлемдік стандарттар деңгейінде құрамыз».

Спикердің айтуынша, АЛСИ компаниясының жүйелік шешімдерді жобалауға инновациялық көзқарасы, дербес компьютерлердің әбден ойластырылған үлгілік қатары, үлкен тапсырыстарды жедел атқаруға арналған заманауи өндіріс қуаттылықтарының болуы, қосымша қызметтердің кең аясы – осының бәрі АЛСИ–ге бүкіл ел бойынша мыңдаған адамдардың сеніміне ие болуына мүмкіндік туғызды.

Конференция бағдарламасында мынадай тақырыптар қозғалды:

·         «Үздіксіз қуаттандыру жүйелері» - спикер Ақыл Әзімов.

MasterGuard–тың Қазақстандағы филиалының директоры Ақыл Әзімов компанияның қызметі, оның нарықтағы сегменттік бағдары, Қазақстандағы серіктестік пен даму келешегі туралы ақпарат берді. Спикер MasterGuard-тің бизнес-үрдістердің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласындағы  шешімдерін қарастыруды ұсынды, сондай-ақ MasterGuard жабдығының өнімдік қатарымен таныстырды.

«Біздің миссиямыз —  алдыңғы қатарлы технологиялардың көмегімен және аса жоғары сапалы техникалық қолдаудың арқасында энергияның тоқтаусыз берілуін ұдайы қамтамасыз ету» - баяндамашы өз сөзін осындай пікірмен аяқтады.

·         «Intel компаниясынан заманауи серверлік шешімдер» - спикер Александр Бычков.

Intel өкілі өз баяндамасында Nehalem  платформасы негізіндегі процессорлық технологиялар мен жаңа серверлер сияқты негізгі аспектілерді қозғады, сондай-ақ  Intel SSD тамаша қатты дискісінің қызметтік ерекшеліктерін ашып көрсетті.  

·         «DELL өнім қатары» и «DELLсерверлік өнім қатары» - спикерлер Бақыт Шалабаев  және Сергей Мохнатко.

        

Өз көрсетілімдерінде спикерлер аудиторияға DELL компаниясының серверлік бағыттағы жаңа шешімдері туралы ақпаратты ұсынды, жалпы DELL өнім қатарының техникалық сипаттамалары мен артықшылықтарын айтты. Бүгінде тапсырыс берушілер үшін логистика мәселесі мен қалыптасқан әлемдік дағдарыс жағдайында компанияның бұдан былайғы даму келешегінің маңызы зор. Осыған орай спикерлер кеңейтілген жауаптар беріп, қатысушыларға DELL компаниясының ұзақ мерзімді және жақын болашаққа арналған жоспарлары жайында әңгімелеп берді.

Конференция жұмысы барысында барлық тыңдармандар АЛСИ, DELL, MasterGuard және Intel компанияларынан естелік жәдігерлермен марапатталды, ал спикерлердің сұрақтарына дұрыс жауап берген және іс-шарада қызу диалогтың құрылуына қатысқан ең белсенді қатысушылар АЛСИ  компаниясынан қосымша бірегей сыйлықтар алды.

Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша іс-шара «English – party» жарқыраған шоу-бағдарламасы қойылған фуршетпен аяқталды.  Кешті ағылшын стилінде өткізу қатысушылардың Шерлок Холмс заманындағы тұманды Альбион ортасына енгізуді көздеді, және де сәйкес бейнелемелермен, атрибуттармен, шай ішу аймақтарымен және, әрине, қатысушылардың жақсы көңіл-күйімен өткізілді.

Бұл конференцияның жұмысы барлық қатысушылар үшін теориялық және практикалық салада тиімді ақпарат алмасу алаңы ғана емес, қызықты танысулар мен кәсіби қызмет бойынша әріптестермен қарым-қатынас жасау орнына айналды.

АЛСИ компаниясы өз қорында мемлекеттік секторды ұйымдастыру міндеттері мен талаптарының барлығына лайықты кешенді шешімдерге ие.

Сізді біздің кездесулерде көруге қуаныштымыз!

 

Конференцияның материалдарын компания сайтында «Іс-шаралар» тарауынан көруіңізге болады.