басты
жүйелі
итегратор
+7 (727) 297-11-00
Сiз здесь Бас > Баспасөз орталығы
Подписаться на новости
«НР-дің корпоративтік сегментке арналған терминалдық шешімдері» АЛСИ мен Hewlett-Packard бірлескен семинары.
«НР-дің корпоративтік сегментке арналған терминалдық шешімдері» АЛСИ мен Hewlett-Packard бірлескен семинары.

 

13 наурыз, 2009ж.  АЛСИ компаниясы мен Hewlett-Packard  банктік және телекоммуникациялық сегменттерге арналған жыл сайынғы бірлескен семинарын өткізді.

Шараның ұраны «НР-дің корпоративтік сегментке арналған терминалдық шешімдері» болды және ол НР өнім жинақтарын таныстыруға, серверлік шешімдерді шолуға, сондай-ақ АЛСИ-дің НР шешімдері базасындағы басты бизнес-портфолиоларына арнап өткізілді.

Конференцияға қатысушылар – Алматының банктік және телекоммуникациялық нарығындағы 22-ден астам компанияның өкілдері – семинар баяндаушыларымен бірге 2009 жылдың жаңа ауқымды жобаларына қатысты мәселелерді, сондай-ақ оларды пайдалану жөніндегі шешімдерді талқылады.

Семинар жұмысын АЛСИ компаниясының коммерциялық директоры Қайрат Токишев ашты.

Өз сөзінде Токишев мырза АЛСИ – НР жыл сайынғы бірлескен көшпелі семинарына келгендердің бәрімен сәлемдесіп, келесіні айтты:  «Ылғи айтамын, кезекті кездесу – бұл бұрынғы достарды көріп, жаңа достармен танысу мүмкіндігі. Өзінің кәсіби дамуына парықсыз қарамайтын адамдардың көбейіп келе жатқаны өте жағымды».

Қайрат Токишевтің айтуынша, АЛСИ компаниясының алдында тұрған міндет – бұл жоғары сапалы жабдықты, бағдарламалық жасақтама мен технологияларды жай ғана сату мен тарату емес, сонымен қатар клиенттерге сапалы, кешенді қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

   
   

 

Семинар бағдарламасына АЛСИ компаниясы мен Hewlett-Packard жетекші мамандары қатысты:

 

Алан Намазбаев (НР Қазақстан) аудитория алдында «Шебер клиент» тақырыбындағы презентациясымен сөз сөйледі. Спикер дәстүрлі ДК-ға негізделген ұқсас шешімнен әлдеқайда арзан, мінсіз реттелген есептеуіш жүйені қамтамасыз етудің алдыңғы қатарлы әдістері туралы әңгімелеп берді.

Сергей Фисиенко ( АЛСИ) өз презентациясында «НР серверлік шешімдері» тақырыбын ашты:

·         НР серверлік шешімдерін қарастыру

·         DL RACK орындау серверлік жинағы

·         ML Tower орындау серверлік жинағы

·         НР-BL (Blade servers) серверлер жинағын ұсыну – басқару ыңғайлылығы, үнемділік, өзгертуге әзірлік тұрғысынан айқындау.

Дмитрий Калинин (АЛСИ) қатысушыларға АЛСИ компаниясының кешенді IT-шешімдері туралы баяндама ұсынды, АЛСИ-дің жүйелік интеграция, біліктілік саласындағы мүмкіндіктерін атап көрсетті. Сөзінің соңында баяндаушы мынандай мәлімдеме жасады: «Өз міндетіміздің мәні кең тұтынушылар өрісінің – аса ірі мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардан жеке тұлғаларға дейін бәрінің өміріне инновациялық шешімдерді үйлесімді ендіруде деп білеміз. Біздің шешімдер түбінде жоғары технологиялы болғанымен, пайдаланымда оңай, әрі сенімді».

Ержан Баймұхамедов ( АЛСИ) өз сөзінде «АЛСИ-дің практикалық шешімдері» презентациясын көрсетті. АЛСИ компаниясын мысалға ала отырып, компанияның серверлік паркін жоспарлы жетілдіруді құрудың практикалық тәжірибесі көрсетілді. Оны жаңарту себептерінің пайда болу мәселесіне баяндаушы ерекше көңіл бөлді және аудиторияның назарын НР компаниясының Blade жүйесін ендіру үрдісіне аударды. АЛСИ компаниясының бірінші кезектегі міндеттері үрдістердің технологиялық және техникалық деңгейін, экологиялық қауіпсіздігін көтеру, жабдықты жаңарту екені айтылды.

Мирослав Мищенко (НР ТМД) өз сөзін НР – Procurve белсенді желілік жабдығы саласына арнады. Спикер НР-дің бизнес тиімділігін арттыру мақсатындағы желілік инфрақұрылымды оңтайландыру саласындағы шешімдерін ұсынды.

Бақытжан Сүлейменов ( НР Қазақстан) - «НР-дің корпоративтік тапсырыскерлерге арналған бейнені басып шығару және өңдеу құрылғылары базасындағы шешімдері» презентациясын ұсынды.

 

Пікірталас қорытындылары бойынша Алан Намазбаев (НР Қазақстан) келесіні мәлімдеді: «Терминалдық шешімдер жөнінде өткен семинар корпоративтік тапсырыскерлердің осындай жүйелерге зор қызығушылығын көрсетті, өйткені шебер клиенттердегі шешімдер компьютерлік қауіпсіздік тұрғысынан абсолютті қорғалған инфрақұрылым болып табылады, осындай инфрақұрылымды сатып алу және иелену шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді, қолдау мен әкімгерлік етудің уақыт және қаржы шығындарын азайтады, ал бұл орын алған күйзеліс жағдайында маңызы аз емес жәйт».

Ерекше көзге түскен АЛСИ компаниясы мамандарының виртуализация қағидасы бойынша көрсеткен демо-стендтері болды:

1.    Демо-стенд: ортасында шебер клиенттерге қосылуға арналған 12 виртуалдық машина көтерілген Citrix Xenserver базасында көтерілген виртуалдық саласы бар НР С 300 базасындағы шешімдер.

2.    Демо­-стенд: қолданбаларға арналған Windows 2008 базасындағы 2 сервер.

 

Шара барысында демо-стендтерді көрсетудің негізгі мақсаты классикалық сұлбаларды пайдалану қолайсыздығынан ерекше Шебер клиент+Blade жүйесі қосағының артықшылықтарын, экономикалық тиімділігін, басқару ыңғайлылығы мен эргономикалық жақтарын оn-line режимінде көрсету қажеттілігі болды. Сөйтіп, әр түрлі бағдарламалық жасақтама жұмысының виртуализация есебінен ықтималды мүмкіндіктері де көрсетілді.

Шараның бизнес бөлімі біткеннен кейін қатысушылар фуршетке шақырылды, онда жанрлық музыканы асқан шебер орындаушылар квартетінің сүйемелдеуімен НР мен АЛСИ компаниясынан құнды жүлделер ұтысқа салынған викторина-лотерея ойналды. Ұтысқа басымдық ретімен келесі жабдық тігілді: HP 2133 Mini note, M1120 MFP, HP iPAQ 114.  Одан басқа, шараның барлық қатысушылары мадақтау жүлделерімен – НР компаниясынан стол үсті сағаттармен марапатталды.

Конференцияның қорытындысы бойынша біздің өзекті мәселелерді айқындауға, ақпараттық технологиялар саласындағы шешімдерді көрсетуге, осы саладағы мәселелерді шешу қажеттілігімен күнде түйісетін басшылар мен мамандар арасында пікір алмасуға және талқылауға арналған кәсіби алаңды ұйымдастырудың қаншалықты маңызды екеніне тағы да көзіміз жетті.

Өз кезегімізде, Қазақстан нарығында осымен 16 жылдан астам уақыт табысты жұмыс істеп келе жатқан жетекші Жүйелік интегратор ретінде, біз Қазақстанның ақпараттық технологиялар нарығын дамытуға ат салысу үшін осы шараларды жүйелі түрде өткізуді жоспарлап жүрміз».