Бүгін Қазнеттің 15-жылдығына арналған баспасөз конференциясы өтті, онда Интернет торабының қазақстандық сегментін дамыту нәтижелері мен қазақстандық компаниялардың оны коммерциялық пайдалануының келешектері талқыланды. Оған Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің жауапты хатшысы Батыр Маханбетәжиев, «АЛСИ» компаниясының бас директоры Талғат Баймағамбетов, «Қазкоммерцбанк» АҚ Инновациялық технологиялар департаментінің директоры Нұрлан Жағыпаров, «Қазкоммерцбанк» АҚ Қоғамдық байланыс департаменті директорының орынбасары Александр Ляхов және «Kazinter Systems Solutions» ЖШС бас директоры Шавкат Сабиров қатысты.

2009 жылы Қазнетке 15 жыл болады. IT-сарапшылардың айтуынша, соңғы кезде оның қарқынды өсуі байқалады. Қазақстандық контентке сұраныс жайлы статистикаға жүгінсек, бүгін 1 миллионнан астам адам торапта Қазақстанмен байланысты ақпарат іздейді. Отандық интернет-ресурстар саны тұрақты өсуде – бүгін біздің еліміздің өз «электрондық үкіметі» бар, әлеуметтік жүйелер, кәсіптік қоғамдастықтар мен коммерциялық алаңдар істейді.
Талғат Баймағамбетовтың айтуынша, соңғы айтылғандар халық тұтынатын тауарлардың дәстүрлі дүкендеріне нақты балама болып табылады. Интернеттің әр пайдаланушысы тауарлардың барлық дерлік түрлерін сататын және барлық аймақтарға бірдей сапалы қызмет көрсететін шетелдік виртуалды сауда желілері туралы хабардар. Александр Ляхов банктің бағалауы бойынша қазақстандық Интернет пайдаланушылардың арасында виртуалды сатып алуға сұраныс өсетінін атап өтті. Бұл, біріншіден, Қазнет дамуының өзімен байланысты, ал екіншіден, бизнес үшін, қосымша шығындалмай, өз өрісін кеңейту мүмкіндігі болатын коммерциялық алаңдардың географиялық шексіздігімен байланысты. Ал сатып алушылар үшін виртуалды дүкендердің пайда болуы тек уақыт жағынан ғана емес, сондай-ақ ақша жағынан тиімді.


Шавкат Сабиров айтып кеткендей, коммерциялық желілердің Интернетті пайдаланудағы қазіргі тәжірибесі осы күні бар сауда алаңдарының кеңеюімен қатар, жаңаларының пайда болуын да болжайды. Қазнетті дамыту аясында ALSI-ONLINE.KZ жобасы аса маңызды болып табылады және ол, міндетті түрде, Интернет торабының қазақстандық сегментінің коммерциялық бөлігін дамытуға өз үлесін қосады.
ALSI-ONLINE.KZ әр қазақстандықтың төлем жасау, жеткізу немесе тауардың түпнұсқалығы туралы уайымдамай, сапалы компьютерлік техниканы сатып алу мүкіндігіне ие болатындай, халықаралық стандарттар бойынша құрылған. Жоба туралы Талғат Баймағамбетов әңгімелеп берді: «ALSI-ONLINE.KZ бірегейлігі оның тұтынушыға бағытталғандығында жатыр. Біздің виртуалды дүкеніміздің құрылымы қарапайым және функционалды. ALSI-ONLINE.KZ ерекшеліктері, біріншіден, арнайы ресурстардың болуы – пайдаланушы сайттан сатып алынатын тауардың нұсқаулығын, құрылғыларды орнату драйверлерін мүлдем тегін көшіре алады. Екіншіден, бірнеше пошта қызметінің көмегімен ел бойынша жеткізу мүмкіндігі. Сайтта автоматты түрде есептеп, құны мен мерзімі тұрғысынан анағұрлым қолайлысын табуға болады. Үшіншіден, төлем картасымен төлеген кезде банк комиссиясын сатып алушы емес, АЛСИ компаниясы төлейді».
Интернет-технологиялардың дамуымен Қазақстан қоғамында Қазнет «қатысушыларының» нормативті-құқықтық базасын жетілдіру қажеттігі де туады. Мемлекет тораптағы белсенді спамерлік әрекеттер, алаяқтық, ұрлық, фишинг, киберсквоттинг сияқты теріс құбылыстарға және басқа да қылмыстарға қарсы әрекет етуі тиіс. Маханбетәжиев мырза айтқандай, Қазақстан қабылдаған «Қазнетті дамыту концепциясы» ғаламдық тораптағы құқық шектері мен «ойын ережелерін» анық айқындайды. Бұдан басқа, қазір Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық тораптар мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң Жобасы қарастырылуда. Заң жобасын қабылдау ақпараттық-коммуникациялық тораптардағы дерек тасымалы үрдісінде қарым-қатынастарды заңнамалық реттеу қағидаларын сапалы өзгертетін еді. Маханбетәжиев мырза өз сөзінде мынаны атап өтті: «Заң жобасы отандық және шетелдік Интернет-ресурстарда орналастырылатын ақпарат таралуының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етеді».
АЛСИ компаниясы ақпараттық технологиялар нарығындағы ең ірі қазақстандық компания болып табылады, инновациялық шешімдерді, алдыңғы қатарлы технологияларды, үдемелі маркетингтік саясатты қолдану мен бизнес-процестерді тиімді оңтайландыру арқылы шығаратын өнімі мен көрсетілетін қызметтерінің сапасын үнемі жақсартып отырады. Тұтынушылардың талаптары мен қалауларын ескере отырып, компания қазіргі заманғы және алдыңғы қатарлы технологияларды ендіру қажеттілігін өзекті мәселеге айналдырады.
Бүгінгі таңда компания қазақстандық компаниялар арасында табысты сатылып келе жатқан өнімнің кең ауқымына ие болып отыр.
АЛСИ компаниясы бизнес-процестерді үнемі жақсарту, нәтижелілігі мен тиімділігін көтеру, тұтынушылардың қанағаттандырылу деңгейін көтеру мақсаттарында ИСО 9001 стандартының талаптарына сәйкес Сапа Менеджменті Жүйесін (СМЖ) енгізіп, оны ұстанып келеді. Компанияның ХС ИСО 9001 стандартының талаптарына сай болуы СМЖ сертификаттау органдарымен - «Moody International» ЖШС және «Казэкспоаудит» ЖШС тараптарынан берілген сәйкестік сертификаттарымен расталады.
Бүгінгі күнде Қазақстанның 15 қаласында компанияның өкілдіктері бар, жақын және алыс шет елдердегі 40-тан астам компаниямен серіктестік қарым-қатынастары орнатылған.
- 2008ж. АЛСИ компаниясының сату үлесі: корп. сегмент 45%, мемл. сегмент: 28%, бөлшек сауда 10%, аймақтар 17%, компанияның 2008ж. табысы $ 80 mln. құрады.
1) байланыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік бақылау, байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оны пайдаланатын тұлғалардың қызметін үйлестіру және реттеу;
2) ақпараттандыру мен «электрондық үкімет» саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және қызметін мемлекеттік реттеу;
3) пошталық байланыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, пошта операторларының қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу.
Ұсынылатын банктік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында инновациялар ендіру саласындағы озат болып табылатын Казкоммерцбанк 2000 жылдан бастап Интернет-саудагерлермен (виртуалды дүкендермен) электрондық коммерция саласында, оларға тауарлар/қызметтерді төлеу үшін төлемдік карталарды қабылдауға мүмкіндік бере отырып, табысты ынтымақтасып келеді және әлі де Қазақстандағы осы іспеттес қызметті ұсынатын жалғыз банк болып отыр.
Казкоммерцбанк Visa International, EuroPay (MasterCard/Eurocard), DinersClub халықаралық төлемдік жүйелердің толық құқықты қатысушысы болып табылады және процессингтің барлық түрлеріне берілетін сол төлемдік жүйелердің сәйкесінше лицензияларын иеленеді.
Орталық арқылы осы төлемдік жүйелердің кредиттік карталарының барлық түрлерімен, сондай-ақ Казкоммерцбанкпен шығарылған дебеттік (электрондық) карталармен де төлем жасауға болады.
«Kazinter Systems Solutions» компаниясы қызметінің негізгі бағыттары – ақпараттық жүйелердің, электрондық қызметтер мен интернет-қорлардың бизнес-процестері саласында басқарушылық кеңес беру, құрылымдық модельдер мен бизнес-процестердің модельдерін әзірлеу, АТ консалтингін және аудитін жүргізу, Интернет-қорларды дамыту және алға шығару стретегияларын әзірлеу, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және АТ-жүйелерін ендіру.
Ақпараттық технологиялар саласындағы бірті-бірте күшейіп келе жатқан әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, «Kazinter Systems Solutions» компаниясының құзырлы әрі жоғары білікті қызметкерлері консалтинг, ақпараттық телекоммуникациялардың бизнес-процестерін әзірлеу және оңтайландыру сияқты және т.б. салаларда жұмысты барынша сапалы орындайды. Шетелдік нарықта жинақтаған білімі мен тәжірибесінің арқасында «Kazinter Systems Solutions» компаниясы Қазақстандағы өзі сияқты компаниялардың арасында озат орынға ие болды.