басты
жүйелі
итегратор
+7 (727) 297-11-00
Сiз здесь Бас > Баспасөз орталығы
Подписаться на новости
АЛСИ компаниясы компьютерлік техниканың Интернет-дүкенін ашты
АЛСИ  компаниясы компьютерлік техниканың Интернет-дүкенін ашты

 

АЛСИ компаниясы өзінің қатысу шектерін кеңейтуде. Бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде танылған бренд меншікті интернет-дүкенін ашты.  Маркетинг жөніндегі директор Ирина Белицкаяның айтуынша: «Біздің елімізде компьютерлік техниканы on-line арқылы сату расында да оңай емес, бірақ қызықты. Әзірше Қазақстанда интернет-саудаға тым сене бермейді, алайда, компанияның жаңа жобасы өз табынушыларын табады деп ойлаймын, өйткені біздің отандастарымыз жаңаның бәрін белсене қабылдауға әзір».

Компанияның Интернет-дүкені www.alsi-online.kz доменін алды. Дүкен ALSI, HP , Sony, Dell, Xerox, Apple, Fujitsu Siemens  және тағы басқа көптеген жетекші өндірушілердің компьютерлерін, кеңсе техникасын, сандық аппаратурасын сатуға маманданады.

 

  • арнаулы ресурстардың болуы: келуші тауар туралы сипаттаманы тауып қана қоймай,  пайдаланушы нұқсауын, құрылғылардың драйверлерін жазып алуына болады;
  • ұсынылған көлік компанияларының арасында Қазақстанның кез келген аймағына жеткізілімді есептеу мүмкіндігі:  DHL, Pony Express, Алем Тат, Азимут Карго және кейін жүктасымалдаушыны өз бетімен таңдау;
  • тапсырысты төлем картасымен төлеген кезде банк комиссиясын тауар жеткізуші АЛСИ компаниясы төлейді;
  • дүкеннің ыңғайлы навигациясы;
  • сайттың заманауи дизайны.
АЛСИ – компьютерлік технологиялар, жүйелік интеграция мен консалтинг, желілік және серверлік жабдықды жеткізу саласындағы Қазақстанның аса ірі компанияларының бірі.