Cisco және АЛСИ компанияларының «Коммерциялық кәсіпорындарға арналған Cisco шешімдері» бірлескен семинары
«Менің шағын компаниям үшін қандай АТ-шешім ең тиімді әрі сенімді болады? Бағасы құптарлық па? Ол кәсіпорын үшін қандай бизнес-ұтым әкеледі? Маған ұнаған АТ-жобаны қалайша дұрыс енгізуге болады?» - шағын және орта бизнес кәсіпорындарының АТ-директорларын толқытатын ең жиі кездесетін сұрақтардың шағын тізімі. Cisco мен АЛСИ-дің бірлескен семинары технологиялық басымдылықтар тұрғысынан да, кәсіпорындар үшін коммерциялық ұтым тұрғысынан да көптеген сұрақтарға жауап береді.
- Анатолий Амурин (АЛСИ) АЛСИ мен Cisco компанияларының серіктестігі туралы және Сisco-ның Premier мәртебесіне ие сертификатталған серіктесі ретінде АЛСИ қандай қызметтерді көрсете алатындығы жайында баяндайды.
- Антон Гетман (Cisco) өз көрсетілімінде Cisco-ның негізгі техникалық қолдау қағидаларын түсіндіреді.
- Игорь Лактионов (Cisco) қазіргі заманғы жергілікті есептеуіш желілердің (ЖЕЖ) сәулеті мен әрлеу қағидалары, кәсіпорынның желілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің озық шаралары туралы әңгімелейді, сондай-ақ кәсіпорындағы ЖЕЖ өткізгішсіз сегментінің қауіпсіздігі мәселелерін ашып көрсетеді.
- Тимур Василенко (Cisco) коммерциялық кәсіпорындарға арналған үйлестірілген коммуникациялар жөніндегі Cisco шешімдерімен таныстырады.
Семинар барлық қатысушылардың арасындағы тікелей қарым-қатынас нысанын, пікірлер мен іскерлік тәжірибе алмасуды көздейді.
Алдағы семинар жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін Оксана Радинаға хабарласуыңызды өтінеміз, Oxana.Radina@alsi.kz , тел.: 297-11-00, ішкі 1315.
Семинардың бағдарламасымен осында танысуыңызға болады!