Құрылымдалған кабель жүйелері тұжырымдамасының негізіне келесі қағидаларды іске асыру мүмкіндігі қаланған:
Құрылымдылық
Бүкіл кабель жүйесін жүйешелерге нақты бөлу: жұмыс орны жүйешесі, көлденең жүйеше (қабаттың), тік жүйеше (ғимарат магимстралінің), ғимараттар кешені магистралінің жүйешесі. Әрбір жүйеще компоненттеріне стандарттар кабель ұзындығы, өртқауіпсіздігі және т.с.с. жөнінен әр түрлі талаптар қояды.
Икемділік
ҚКЖ кабель жүйесінің пішінін оның түп негізін ауыстырмай-ақ жылдам әрі жетімді өзгертуге мүмкіндік береді.
Әмбебаптық
ҚКЖ жүйесінде экрандалған және экрандалмаған мыс кабель, сондай-ақ оптикалық талшық негізіндегі әмбебап кабельді орта пайдаланылады. Кеңсе жайларының инфрақұрылымына ойластыра кіріктірген кезде құрылымдалған жүйелер шаруашылық қызметтері мен тіршілікті қамсыздандыру жүйелерін бақылау, қадағалау мен басқару жөніндегі көптеген үрдістерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ҚКЖ жүйесі – бұл ақпарат беруге арналған бірыңғай орта ғана емес, сондай-ақ әр түрлі өндірушілердің жабдықтарымен және қосымшаларымен үйлесімділік.
Молшылық
ҚКЖ-дегің молшылық қағидасы ақпараттық розеткаларды орналастыру тығыздығы бөлмелердің ауданы мен ұтымдылық параметрлеріне байланысты таңдалатындығын білдіреді. Яғни әр 5-6 шаршы метрге кем дегенде екі ақпараттық розеткасы бар бір жұмыс орны жобаланып, құрылады. Бастапқы құны анағұрлым жоғары болған кезде молшылық қағидасының артықшылығы елеулі: жекелеген қызметкерлер немесе тұтастай бөлімдердің орнын ауыстырғанда кабель жүйесін қайта құру жөнінен шығын жұмсаудың еш қажеті жоқ. Тәжірибе көрсеткендей, құрастыру барысында-ақ тапсырыс беруші қосымша байланыс тораптарын өткізуді сұрайды, ол 1-2 жыл пайдаланғанда розеткалар саны ең басында ҚКЖ-де ұсынылатын мөлшерге дейін жетеді.
ҚКЖ саласында
АЛСИ көрсететін қызметтер кешені:
- жобаны әзірлеуді, қажетті жабдық пен бағдарламалық жасақтаманы жеткізуді, орнатуды және баптауды, ақпараттық-есептеуіш жүйелерді құру, сондай-ақ жүйеге одан әрі күтім жасауды;
- алдыңғы қатарлы өндірушілердің жабдықтарын пайдаланып, ауқымы әр түрлі телекоммуникациялық және есептеуіш жүйелерді құру және жаңарту;
- тапсырыс берушінің қажеттіліктерін ескере отырып, жабдықты таңдау, ҚКЖ-нің мүмкіндіктері мен пайдалану ерекшеліктері және қаржылық шығындарды мейілінше азайту жөнінен кеңес беру;
- "клиент-сервер"және Intranet/Internet технологиялары негізінде корпоративтік жүйелер құру;
- тапсырыс берушінің нақты тапсырмалары бойынша әзірленетін құжаттаманың тәжірибелік мақсаттылығын ескере отырып дара жоба әзірлеу;
- жобаны іске асыру және сертификаттау;
- тапсырыс берушінің қызметкерлерін авторластырылған оқыту және сертификаттау;
- кепілді және кепілді мерзімнен кейінгі қызмет көрсетуді, жедел кеңес беруге арналған шапшаң торапты қоса, жобаны қолдау және сүйемелдеу және т.с.с.
Наверх