басты
жүйелі
итегратор
+7 (727) 297-11-00
Сiз здесь Бас > Дистрибуция > Корпоративтік сатылымдар
Корпоративтік сатылымдар
АЛСИ – Қазақстанның корпоративтік нарығына өнім жеткізуші аса ірі серіктес, ол тек әлемдік компьютер инлустриясының (өнеркәсібінің) көшбасшыларына ғана бағытталады. Сонымен қатар, өнімнің бүкіл тізбегін, вендор тәжірибесі мен әлеуетін барынша толық пайдалану мақсатында, компания әр өнімге қатысты бір ірі өндірушімен жұмыс істеуге ұмтылады.
 
Қазіргі таңда АЛСИ компаниясы келесі әлемдік өндірушілердің өнімін ұсынады:
Hardware:
Hewlett Packard, APC, Cisco Systems, Intel, Asus, Deluxe, Gigabyte, Soltek, Maxtor, Late One, Seagate, Kline Ross, Kingston, PQA, Sony, Toshiba, Emtec, LG Electronics, Panasonic, Samsung, Dell, MasterGuard, Foxconn, ViewSonic
Кабель өнімдері:
Legrand, Ай - Ти, Siemon, Software, Microsoft, Oracle, Borland, Касперский, IBM, Symantec, ABBYY, Veritas
Радиобайланыс құралдары, антенді-фидерлі құрылғылар:
Motorola (incl. Parts Division), TXRX, SMARTRUNK, United Communications, ICOM, ZETRON, RFS, Kenwood
Көбейткіш техника:
Xerox, Canon, NRG, Nashuatec, Ricoh, Katun
Соны шығыс материалдары:
Lexmark, Nashuatec, Epson, Genicom, Sharp, Hewlett Packard, Xerox, Canon, Ricoh, Olivetti, Samsung, Panasonic
 
АЛСИ компаниясының стратегиялық серіктестері - Hewlett Packard, APC, Microsoft, Cisco және Intel. Бұл ынтымақтастықты тек Алси ғана емес, сонымен қатар аталып өткен танымал өндірушілер де қадір тұтады: АЛСИ компаниясы тұрақты түрде Қазақстандағы үздік серіктестіктердің санатына кіреді. АЛСИ компаниясы өндірушілермен керемет қарым-қатынас орнатқан, дамыған логистикасы мен жеткізу мүмкіндіктері бар, бұл ынтымақтастықтың тартымды шарттарын ұсынуға мықты негізі болады.
 
АЛСИ компаниясының жабдықтар және қосалқы бөлшектер сақтайтын қоймасы бар, және компания клиенттеріне уақтылы және толығымен сервистік қолдау көрсетеді.
 
АЛСИ компанииясының 50-ден астам қызметкерлері дистрибуция және корпоративті клиенттермен жұмыс істеу саласында қызмет етеді. Үлкен әрі дамыған инфрақұрылымға ие компания бүгінгі таңда еліміздің бүкіл аумағында өз клиенттеріне қолдау көрсетудің үздік үлгісін жүзеге асыруда. Қазір компания жүйелік интегратор болып табылады және өз клиенттеріне тіпті ең қатал клиентті қанағаттандыра алатын, толымды шешімдер ұсынады. Бұған тек шетелдік өндірушілерден жабдықтардың кең аясын жеткізу арқылы ғана емес, сонымен қатар компанияның нарықтағы 16 жыл бойы атқарған жұмысы барысында жиналған зор тәжірибесі арқылы да қол жеткізілуде.
 
Қазіргі уақытта АЛСИ компаниясы өз клиенттеріне келесі өнімдерді ұсынады:
  • Серверлер және графикалық станциялар
  • Бұзылымға төзімді көппроцессорлы серверлер
  • Компьютерлер және ұтқыр шешімдер
  • Арнайы және кәсіби шеткі жабдықтар, оған арналған шығыс материалдары
  • Телекоммуникациялық және жүйелік жабдықтар
  • Деректерді сақтау жүйелері
  • Презентация (көрсетілім) жабдықтары
 
АЛСИ компаниясы өз клиенттеріне олардың бизнесінің тиімділігін көтеру үшін, яғни, түптің түбінде кірісті арттыру үшін, әмбебап құрал ұсынады. АЛСИ бизнесі – бұл жаңа идеялар және оларды сауатты түрде іске асыру!
 
Компанияда тамаша кәсіпқойлар тобы - жетілдірушілер, кеңесшілер, жоғары білікті инженерлер мен менеджерлер жұмыс істейді. Олардың шеберлігі мен бай тәжірибесінің арқасында АЛСИ компаниясының өз клиенттеріне аса жоғары деңгейде қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Компанияның мінсіз жұмысы өз клиенттерінің санын ұдайы арттыруда. Компания корпоративтік тапсырыс берушілерге арналған көптеген жобаларды жүзеге асырды, мысалы:
  • энергетикалық, металлургиялық және көлік өнеркәсібі орындары
  • мұнай компаниялары
  • қаржы мекемелері
  • желілермен және телекоммуникациялармен айналысатын компаниялар,
  • жоғары оқу орындары
  • мемлекеттік құрылымдар
 
Компанияның Қазақстандағы аса ірі клиенттері:
  • Қаржы министрлігі,
  • Білім министрлігі,
  • Мемлекеттік Кіріс министрлігі,
  • Мемлекеттік Зейнетақы төлеу орталығы,
  • Қазақстан Темір Жолы,
  • ТенгизШевроил,
  • Испат-Кармет,
  • Кар-Тел,
  • Қазақтелеком,
  • және басқалары.
 
Осылайша, өз қызметінің екінші онжылдығына аяқ басқан сәтте АЛСИ компаниясы ұсынылатын өнімінің кең ауқымы мен әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарға арналған түрлі ақпараттық жобаларды жүзеге асыруды жетілдіру жөнінен жинаған тәжірибесінің арқасында Қазақстанның жоғары технологиялар нарығында жетекші орындардың бірін иеленеді.
Сатылымдар департаментіДепартамент директоры: Курманғалиев Азамат
Телефоны: +7 (727) 297-11-00, ішкі 1216 немесе 297-11-22 Дистрибуция және корпоративтік сатылымдар бөліміБөлім бастығы: Баймұхаметов Марат
Телефоны: +7 (727) 297-11-00, ішкі 1218 немесе 297-11-22

Наверх