Сұрыпталымның кеңдігі – біздің табысымыздың негізгі идеясы болып табылады. Өз арсеналымызда өзіндік өндіріс өнімдерінен басқа, халықаралық өндірушілердің өнімдері мен шешімдеріне ие бола отырып, біз ең жақсы әлемдік стандарттар деңгейінде тапсырыс берушімен өзара қарым-қатынас жүйесін құрамыз:
- әлемдік компьютерлік индустрия жетекшілеріне бағытталу;
- өнімнің барлық қатарларының ең көп сұрыпталымы, әлемдік өндірушілердің тәжірибесі мен технологиясын қолдану;
- қоймада түпнұсқалық жабдықтың, түпнұсқалық шығындық материалдардың және қосалқы бөлшектердің кең сұрыпталымы;
- жедел логистика және шетелден жеткізудің кең мүмкіндіктері;
- тапсырыстарды орындаудың қысқа мерзімдері;
- оңтайлы бағалар.
Өз клиенттерімізге тек алдыңғы қатарлы және жоғары технологиялық өнімдерді ғана ұсына отырып, біз ақпараттық индустрияның төмендегі әлемдік көшбасшыларымен дистрибуцияның кәсіпқой құзыреттерін және серіктестіктің әр түрлі мәртебелеріне ие боламыз.
- Hewlett Packard: HP Select Supplies Business Partner;
- Xerox: кеңселік серіктес;
- Canon: ІІ деңгейлі серіктес;
- Ricoh – Nashuatec: Қазақстандағы ресми дистрибьютор;
- Қазақстандағы Ricoh-Nashuatec ресми дистрибьюторы;
- Microsoft ресми серіктесі;
- Касперский Зертханасының Ресми серіктесі;
- Apple ресми серіктесі;
- Symantec (Ақпаратты қорғау) ресми серіктесі;
- ORACLE (Мәліметтер базасы) ресми серіктесі;
- ABBYY (Fine Reader, Lingvo) ресми серіктесі;
- PROMT (Аударма бағдарламалары, сөздіктер) ресми серіктесі.
Кәсіпқойлығымыздың және құзыреттілігіміздің арқасында біз өзіміздің тапсырыс берушілеріміздің сеніміне ие болдық және нарықта 19 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеміз.