
Компанияда 2003 жылдан бері бизнесс-процесстерді ұдайы жақсартып отыру, оның нәтижелігі мен тиімділігін арттыру, тұтынушының қанағаттанушылығын арттыру мақсатында ISO 9001 стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификатталған Сапа Менеджменті Жүйесі (СМЖ) енгізіліп, жұмыс істеуде.
Компанияның МС ИСО 9001 стандартының талаптарына сәйкестігі СМЖ-ін сертификаттау жөніндегі органдар - «Moody International» ЖШС және «Қазэкспоаудит» ЖШС тарапынан берілген СМЖ сәйкестігі сертификаттарымен расталған.
АЛСИ компаниясының сапа саласындағы саясаты
АЛСИ — ақпараттық және компьютерлік технологиялар нарығындағы озық компания, шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызмет сапасын инновациялық шешімдер, озық технологиялар, прогрессивті маркетинг саясатын қолдану мен бизнес-процесстерді тиімді оңтайландыру арқылы ұдайы жақсартып отырады.
АЛСИ компаниясы тұтынушылардың талаптары мен тілектерін ескере отырып қазіргі заманғы және озық технологияларды енгізу қажеттігін өзектендіреді, осы арқылы тұтынушылардың АЛСИ сауда маркасына деген тұрлаулы ұстанымын қамтамасыз етуге тырысады.
Жоғары басшылық компанияның басты тірегі бола отырып:
- компанияда Сапа Менеджменті Жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуының маңыздылығын түсінеді;
- компанияның сапа саласындағы саясатын жүзеге асыруда белсенді түрде қатысып отырады;
- өнім мен қызмет көрсету сапасын үздіксіз жақсартуға қолайлы жағдай жасайды;
- ұжымдағы корпоративтік рухтың дамуына қолдау көрсетеді, қызметкерлер үшін жайлы орта жасайды, бұл қызметкерлердің ертеңгі күнге деген сенімділік пен тұрақтылық сезімін, жұмыс істеу тиімділігін арттыруға, тәртіп пен ұжымның ауызбіршілігін нығайтуға мүмкіндік береді;
- қызметкерлердің компания жұмысын ұдайы жақсарту барысында, идеялар мен шешімдерді іздестіруде, жаңа қызмет көрсету мен технологиялар аясын кеңейту және енгізу барысында жасаған барлық бастамаларын қолдап, көтермелеп отырады.
Компания жемісті ынтымақтастық пен өзара түсіністікке қол жеткізу мақсатында, және де тұтынушыларға сапалы өнім мен қызмет көрсетуді ұсыну мақсатында жабдықтаушылармен бұдан былай да өзара тиімді қарым-қатынастарды құруға және дамытуға ұмтылады.