АЛСИ компаниясы – қазақстандық нарықтың компьютерлік және ақпараттық технологиялар саласындағы танымал көшбасшылардың бірі деген беделге лайық:
  • 16 жылдан астам Ақпараттық технологиялар нарығында
  • Әлемдік стандарттар бойынша қызмет көрсету
  • Жоғары технологиялық жоғары сапалы жабдық жеткізу
  • Жыл сайын республикалық мақсаттағы он шақты ірі жобаларды жүзеге асыру
  • Астана мен Атыраудағы филиалдар, Қазақстан бойынша ірі аймақтық желі, Гонконгтегі сауда офисі
  • 500-ден астам жоғарғы білікті мамандар
  
АЛСИ компаниясы қызметінің негізгі бағыттары:
  • әлемдік өндірушілердің компьютерлік жабдығын және бағдарламалық жасақтамасын дистрибуциялау;
  • жүйелік интеграция, оған келесілер кіреді:
    • Ақпараттық технологиялар индустриясының қазіргі заманғы шешімдері: қарапайым үнемді шешімдерден күрделі жоғарғы технологиялық жобаларға дейін;
    • Жобаның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде кез келген күрделіліктегі жобаларды қамтамасыз ету: кеңес беру, жобаны әзірлеу, ендіру, техникалық қолдау және сервистік қызмет көрсету;
  • АЛСИ компьютерлерін жасап шығару;
  • Көп процессорлы серверлерді және кез келген конфигурациядағы графикалық станцияларды жеткізу;
  • Түпнұсқалық шалғай және проекциялық жабдықты, телекоммуникациялық және желілік техниканы, шығындық материалдарды жеткізу;
  • Оқу орталығының қызметтері. Prometric Thomson Learning және VUE сынақтама орталықтары;
  • Сервистік орталық қызметтері.
 
Компанияның миссиясы:
Корпоративтік клиенттер үшін
  • Эксклюзивті, бизнес үшін аса ыңғайлы шешімдерді ұсыну.
  • Клиент бизнесінің деңгейіне сәйкес ең үздік сапа және инновациялық технологиялар.
  • Сенімді, ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестік.
  • Барынша пайда келтіретін, клиент бизнесін дамыту жұмысы.
 
Жеке клиенттер үшін
  • Әрқайсысы үшін дара бап және озық шешімдер;
  • АЛСИ компаниясының негізгі өнімдерінің арзандығы
Жалпы
  • Клиентке үздік қызмет көрсету және өнім сапасының жоғары стандарттары.
  • Компьютер жаңалықтарын жетілдірудегі соңғы жетістіктер.
  • Қазақстанның IТ – нарығында инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған жұмыс
  • Біздің компаниямызға және клиенттерімізге деген адалдық
Компанияның бірегейлігі:
  • Біздің қызмет көрсетуіміз бен өнімдеріміздің сапасын ұдайы жақсарта отырып, қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалуға жол бермейтін ынталылық пен іскерлік.
  • Сіздің бизнесіңізге арналған эксклюзивті қызмет көрсетуді ұсынатын озық компания.
  • АЛСИ компаниясының қызмет көрсетуінің және өнімдерінің сапасының жоғары деңгейі
  • АЛСИ компаниясының инновациялық технологияларын қолданудағы қарапайымдылық.
  • АЛСИ - кез-келген компания үшін және әрбір клиент үшін сенімді серіктес.
Маркетинг тұжырымдамасы:
  • Компанияның кез-келген қызметін тұтынушыға бағыттау
 
Біздің жұмысымыздың негізі – біз сататын техниканың күрделі құрылымына ғана көңіл бөлу емес, екінші жақтағы пайдаланушылардың қамын ойлау болып табылады. Пайдаланушы үшін бәрі де оңай, қарапайым және қолайлы болуы тиіс.
 
Бұл философия өз көрінісін «Әркімге инновация» корпоративтік слоганынан да тапты. Біздің шешімдер жоғары технологиялы, сонымен қатар пайдалануда сенімді әрі қарапайым. Мыңдаған ұйымдар мен жеке тұлғалар өз таңдауын АЛСИ пайдасына жасады. Бізге артқан сенімдері үшін біз оларға алғысымызды білдіреміз және кәсіпқойлығымызды әлі де талай рет дәлелдейміз деп үміттенеміз.